«Қыз зорлады» деп күдікке ілінген боксшы Жанқош Тұраров Алматыдағы жекпе-жекке шықпайтын болды

Жарияланды 24 Қыркүйек 2024 12:34

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Жанқош Тұраров Алматыдағы жекпе-жекке шықпайтын болды / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Боксшы Жанқош Тұраровтың Алматыдағы жекпе-жегі өтпейтін болды. Бұл туралы AllStarsBoxing өзінің ресми парақшасында хабарлады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Жанқош жаттығу кезінде жарақат алды, сол себепті жекпе-жекке шыға алмайтын болды.

Боксшы бұл жағдайға байланысты өзі де пікір білдірді.

«28 қыркүйек күні жоспарланған жекпе-жегім оң жақ иығымнан жаттығу барысында жарақат алуыма байланысты кейінге қалдырылды, қай уақытта болатынын алдағы уақытта хабарлаймыз»,- деп жазды Жанқош.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жанқош Тұраровтың үстінен «қыз зорлады» деп арыз түскен еді.

Бұл жағдайға да боксшы жауап берген:

«Үш қыз өсіріп отырған әкемін. Төсектес қыз керек болса, маған зорламай-ақ келетін жағдайым бар! Қайдан шыққан жала екенін өзім де түсінбей отырмын. Қазір мәселенің мән-жайын анықтап, кім, қандай жала тағып отырғанын анықтайтын боламын!», – деп жазды Тұраров өз Instagram парақшасында.

Айта кетейік, 33 жастағы Жанқош Тұраров үйленген 3 баланың әкесі. Кәсіпқой боксшы 2023 жылдың 21 наурызынан бастап — бірінші жартылай орта салмақта IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы.

Сондай-ақ оқыңыз