Қазақстан – Португалия: футзалдан ұлттық құрама әлем чемпиондарына қарсы ойнайды

Жарияланды 25 Қыркүйек 2024 15:37

(жаңартылды 25 Қыркүйек 2024 16:53)
post.authors.0.name

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Қазақстан – Португалия: футзалдан ұлттық құрама әлем чемпиондарына қарсы ойнайды / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

26 қыркүйек күні футзалдан Қазақстан Португалия құрамасына қарсы маңызды кездесу өткізеді. Бұл матч Футзал бойынша Әлем чемпионатының аясында өтпек және екі құрама да турнирдегі негізгі фавориттердің бірі.

Қазақстан құрамасы Португалиямен ресми ойындарда үш рет кездескен, соның бірінде 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде 3:1 есебімен жеңіске жеткен. Ең соңғы кездесу 2021 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында өтті. Онда негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталып, қосымша уақытта 2:2 тең болды. Ал пенальти сериясында португалиялықтар 4:3 есебімен жеңіске жетті. Португалия құрамасы сол жылы әлем чемпионы атағына ие болды, сондықтан бұл матч екі құрама үшін де аса маңызды әрі шиеленісті болмақ.

Жанкүйерлер бұл ойынды ертең 26 қыркүйек күні сағат 20:00 де QazSport арнасынан көре алады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы топтық кезеңде жеті ұпай жинады: Ливияны 4:1 есебімен, Жаңа Зеландияны 10:0 есебімен жеңіп, Испаниямен 1:1 есебімен тең ойнады. Сондай-ақ плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын шыққан еді.

Сондай-ақ оқыңыз