ҚНРДА тағы екі несие серіктестігінің қызметін уақытша тоқтатты

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
2 несие серіктестігінің қызметі уақытша тоқтады /Коллаж: kursiv.media, бильд редактор, Ахтам Зиперов

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тағы екі несие серіктестігінің лицензиясын 1 айға тоқтатты. «Ойыл-Несие» мен «Қамқор» кредиттік серіктестігі» бір ай микроқаржылық қызмет көрсете алмайды.

Екі серіктестіктің қызметтік ережені бұзуы мен лимиттен асуы, реттеушінің лицензияны тоқтатуына себеп болған. Осы кезеңде компанияның шағын несие беру, бұған дейін жасалған шарттарды созуға құқығы жоқ. Ал өз міндеттемелерін уақтылы орындауға міндетті.

Несие серіктестіктерінің клиенттері алған қарыздарын шарт талаптарына сай уақтылы өтеуі тиіс.

«Ойыл-Несие» кредиттік серіктестігі» Ақтөбе облысында тікелген. Қазіргі кезде 1,8 млн теңге шығынға батып отыр. Серіктестіктің несие портфелі 61 млн теңгені құраса, өз міндеттемесі 68 млн теңгеге жеткен. Меншікті капиталы 6 млн теңгеден сәл асады.

Ал Қызылорда облысында тіркелген «Қамқор» кредиттік серіктестігі» туралы ақпарат Ұлттық банктің 2024 жылғы тізімінде жоқ. 2022 жылғы мәліметінде серіктестіктің 38 млн теңге шығынға батқаны жазылған.

Бұған дейін «Алтын дала» кредиттік серіктестігі микроқаржылық қызмет жүргізуге берілген лицензиясынан айырылған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз