Toyota әйгілі спорткөлігі Supra моделінің жаңа нұсқасын ұсынбақ. Жақында компания Supra көлігін 2026 жылдан бастап Аустралияның суперкарлар чемпионатына қатыстыру туралы келісімге келді.
Toyota-ның Аустралиядағы сату, маркетинг және франчайзинг операциялары бойынша вице-президенті Шон Хэнлидің айтуынша, Supra автокөлік нарығында өз орнын сақтайды және жаңа буыны әзірленіп жатыр. Сондықтан Toyоta жанкүйерлері Supra моделінің жоғалмайтынына сенімді бола алады.
Биыл Toyоta Supra және оған ұқсас BMW Z4 үлгілерінің өндірісі 2026 жылға дейін тоқтатылуы мүмкін деген ақпарат тараған еді. Бұл екі көлік Австриядағы Magna Steyr зауытында құрастырылады. BMW Z4 өндірісі шынымен тоқтауы мүмкін, алайда Toyota Австралиядағы өкілі Хэнлидің айтуынша, Toyota Supra өндірісін тоқтату жоспары жоқ. «BMW – бұл Toyоta емес», – деп атап өтті ол.
Сонымен қатар Toyоta Supra 2026 жылы Supercars Down Under чемпионатына қуатты V8 қозғалтқышымен қатысатын болады. Хэнли Supra үлгісінің жарыс нұсқасы жолдағы модельден ұзақ уақыт сақталуы мүмкін екенін мойындаса да, Supra-ның бренд үшін маңызды рөл атқаратынын және спорттық көлік әлемінде өз орнын сақтап қалатынын айтты. Supra тарихи иконалармен теңесуі мүмкін болмауы ықтимал, бірақ ол компанияның беделін арттырып жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Toyоta көліктері 15 жылдан кейін әйгілі «Формула-1» жарыстарына қайта оралғаны туралы жазған едік.