Мерекелік демалыста қазақстандықтар қалай тынығады? – сауалнама

Жарияланды 24 Қазан 2024 20:03

(жаңартылды 27 Қазан 2024 17:18)
post.authors.0.name

Нұртай Текебаев

Тілші
Мерекелік демалыста респондеттердің 42%-ы үй шаруасымен шұғылданатынын айтқан/ фото: kursiv.media

Республика күні қарсаңында «Freedom Life» ЖСК мамандары халық арасында әлеуметтік сауалнама жүргізіп, қазақстандықтардың ұзақ демалыс күндерін қалай өткізуді жоспарлап отырғанын және демалысқа қанша ақша жұмсау керек екенін анықтады.

Мерекелік демалыста тұрғындардың не істейтініне байланысты жүргізілген сауалнама әлеуметтік және жас ерекшелігіне қарай әртүрлі топты қамтыды. Оның нәтижесі азаматтардың қалауы туралы қызықты түсінік береді.

Респонденттердің көпшілігі, атап айтқанда 42%-ы отбасымен үйде отырып, үй шаруасын атқаруды жоспарлап отыр. Қазіргі қарбалас тірлікте демалыс күндері қазақстандықтарға үйдегі қауырт істі орындауға септеседі.

Ішкі туризмнің танымал болуының себебінен респонденттердің 28%-ы қазақстандық шипажайларда демалуға ниетті. Көбі Бурабай мен Балқаш көлдері, Алатау мен Көлсайдың таулы курорттарына барғысы келеді.

Респонденттердің 18%-ы мерекелік дастархан әзірлеп қонақ күтеді.

Ал сауалнмаға қатысқандардың 12%-ы шетелде тынығуды ойластырған. Олардың қатарында Шри-Ланка аралында, БАӘ, Египет, Таиланд, Вьетнам, Үндістан және басқа да танымал бағыттарда ұзақ демалыс күндерін өткізуді қалайтындар бар. Жаһандық экономикалық қиындықтарға қарамастан, халықаралық туризм тұрғындар арасында, әсіресе, суық ауа райы басталған кезде жарқын әсер мен экзотикалық демалыс орындарын іздейтіндер арасында сұранысқа ие.

Қазақстандықтар бұл мерекелерге қанша ақша жұмсайды?

Респонденттердің 47%-ы мерекелік ойын-сауыққа ақша жұмсағысы келмейді. Респонденттердің 31%-ы 50 000 – 150 000 теңге көлемінде қаражат жұмсай алады, 16%-ы 200 000 – 400 000 теңге жұмсауды жоспарлап отыр, респонденттердің 6%-ы жұмсайтын ақша – 450 000 – 800 000 теңгені құрайды.

Сондай-ақ сарапшылар «темірді қызған кезде соғуды» көздейтін қазақстандық туроператорлардың ұсыныстарын зерттеп, бір адамға шаққанда жақын күндері 5-7 күн бойы жол жүрудің орташа құнын анықтады.

Елдер / Орташа құны

  • БАӘ / 165 000
  • Үндістан / 175 000
  • Вьетнам / 235 000
  • Египет / 252 000
  • Шри-Ланка / 310 000
  • Тайланд / 320 000

Сақтандыру құны

Турдың құнына әдетте міндетті сақтандыру кіреді, ол әдетте баратын елге, күндер санына, маршрутқа және басқа факторларға байланысты орташа есеппен 12 000 теңге тұрады.

Міндетті сақтандырудан басқа, қазақстандықтар өте кең ауқымды ерікті онлайн сақтандыруды жүзеге асырады. Мұндай полис шұғыл медициналық көмекті, шұғыл стоматологиялық қызметті, медициналық тасымалдауды және үшінші тұлғалардың көлік шығындарын (қажет болған жағдайда) қамтиды.

Осы жайында айтсақ, мысалы, Freedom Travel бағдарламасы бойынша сақтандырылған жағдайда төлем сомасы таңдалған шарттар мен тұратын елге байланысты 10 000-нан 100 000 еуроға дейін болуы мүмкін. Шетелдегі туристерді ерікті сақтандыру полисінің құны орта есеппен 7000-14000 теңгені құрайды. Ол сондай-ақ қазақстандықтардың шетелде кездесуі мүмкін тәуекел дәрежесін анықтайтын бірқатар факторларға байланысты.

Сондай-ақ оқыңыз