Ұзақ үзілістен кейін Рыбакинаның кіммен ойнайтыны белгілі болды

Жарияланды 31 Қазан 2024 15:35

(жаңартылды 31 Қазан 2024 16:11)
post.authors.0.name

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Ұзақ үзілістен кейін, Рыбакинаның кіммен ойнайтыны белгілі болды / фото: Instagram: WTA

2 қараша күні Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында әйелдер арасында WTA Finals турнирінде әлемнің үздік 8 теннисшісі бақ сынайды. Бұл турнирге ұзақ үзілістен кейін қазақстандық теннисші Елена Рыбакина қатысады. 30 қазан күні турнирдің жеребесі тартылып, Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконың тобына түсті.

Жеребе бойынша қатысушылар күлгін және сарғылт болып екі топқа бөлінді:

Күлгін топта: Арина Соболенко (Беларусь, 1), Жасмин Паолини (Италия, 4), Елена Рыбакина (Қазақстан, 6), Чжэн Циньвэнь (Қытай, 7).

Сарғылт топта: Ига Швентек (Польша, 2), Кори Гауфф (АҚШ, 3), Джессика Пегула (АҚШ, 6), Барбора Крейчикова (Чехия, 8).

Турнирдің жүлде қоры рекордтық 15,25 млн доллар

10 жыл бұрын әлемнің ең үздік 8 теннисшісі 6,5 млн доллар үшін жарысса, бүгінгі күні жүлде қоры айтарлықтай өсіп 15 млн долларды құрады. WTA Халықаралық теннис федерациясының мәліметінше, әр теннисші жарысқа қатысқаны үшін 335 мың доллар (164 млн теңге) бонус алады, ал топтық кезеңдегі әр жеңіс үшін 350 мың доллар (171 млн теңге) төленеді. Жартылай финалистерге 1,27 млн, (622 млн теңге) ал турнир жеңімпазына басты жүлде 2,5 млн доллар (1,2 млрд теңге) беріледі.

Егер Елена Рыбакина жарыста жеңіске жетсе, оның Эр-Риядта табатын табысы 5,1 млн долларға (2,4 млрд теңге) жетуі мүмкін.

Қазіргі маусымда ең көп жүлде жинаған теннисшілер қатарында Арина Соболенко ($8,69 млн) және Ига Швентек ($7,51 млн) алда. Ал Елена Рыбакина 3,19 млн доллармен 7-орында.

Еске сала кетейік, Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Париж олимпиадасына қатыспады. Кейін жекелей сында да бірнеше турнирлерден бас тартқан еді.

Сондай-ақ Елена бес жыл бірге жұмыс істеген бапкерімен келісімшартын бұзған.

Сондай-ақ оқыңыз