Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов қызметінен кетті. Бұл туралы Барменқұлов бүгін федерацияның кезектен тыс жиынында мәлімдеді.
Әділет Барменқұлов ҚФФ-ға 2022 жылы президент болып сайланған еді. Ол бұл қызметте Әділбек Жақсыбековті алмастырған болатын.
Экс-президенттің тұсында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеу кезеңінде тәуір өнер көрсетіп, жолдама алуға сәл жақын қалды. Алайда, шешуші сәтте Магомед Адиев жаттықтырған құрама Словенияға есе жіберді. Кейін қосымша ойында Грекияға жол берді.
Соңғы уақытта футбол федерациясы жиі сынға алынып, мәжіліс пен сенат депутаттарына дейін федерацияны тексеру мәселелерін көтерген. Еске сала кетейік, сонымен қатар, ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесов қазақ тіліне байланысты бірнеше рет дауға қалған кезде, федерация басшылығы жаттықтырушыға кешіріммен қарауды сұрап, қорғаған еді.
Сондай-ақ, Барменқұлов Ұлттар лигасының ойындарының алдында кеткенін айта кетейік. Қазақстан құрамасы 14 қараша күні Алматының орталық стадионында Аустрияға қарсы ойын өткізеді.