Қазақстан халықаралық төлем стандартына өтеді: қаржы жүйесінде не өзгереді?

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock

11 қарашадан Қазақстан қаржы саласында электрондық хабар алмасу үшін ISO 20022 халықаралық стандартына көшеді. Банктер қарашаның соңына дейін жаңа стандартқа толық өтіп бітуі тиіс.

Бұл өзгерістер теңгедегі банкаралық төлемдерге, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитетіне, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіне арналған төлемдерге әсер етеді.

Енді осындай төлем жасаған кезде қазақстандықтар нақты төлем жасаушыны (төлемді жүзеге асыратын тұлға) және нақты алушыны (ақша алушы) көрсетуі керек. Сондай-ақ бейрезидентке ақша аударса, ақша аударылатын елдің орнын жазады.

Клиенттерге төлем құжатының жаңартылған үлгісін банктерден ала алады. Көптеген қаржы ұйымдар оларды өз сайтында орналастырды.

Сондай-ақ клиенттерге өздерінің есеп жүйелеріне өзгерістер енгізу қажет болады. Ол үшін осы жүйелердің қолдауымен айналысатын IT-мамандарға жүгініп, қажетті параметрлерді реттеуді сұрау керек.

Бұған дейін Ұлттық банк жаңа стандартқа көшу карталық төлемдер, QR-кодтар, мобильді аударымдар, банкоматтан қолма-қол ақша алу, ұялы байланыс төлемдері мен басқа қызметтерге әсер етпейтінін хабарлаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз