Microsoft компаниясы Outlook және Windows пошта қосымшаларын қолдауды тоқтатады

Жарияланды 13 Қараша 2024 22:19

(жаңартылды 13 Қараша 2024 22:20)
post.authors.0.name

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Microsoft Қазақстанда хаб ашады
Фото: Shutterstock

Америкалық Microsoft корпорациясы 2024 жылдың 31 желтоқсанынан бастап классикалық Outlook қосымшасына, сонымен қатар «Күнтізбе», «Контактілер» және Windows пошта қосымшаларына қолдау көрсетуді тоқтатады. Бұл туралы компанияның ресми сайтында жарияланды.

«2024 жылдың 31 желтоқсанынан кейін пайдаланушылар Windows пошта және Күнтізбе қосымшалары арқылы электрондық хаттарды жібере немесе қабылдай алмайды. Дегенмен, жергілікті сақталған электрондық хаттар, күнтізбе оқиғалары мен контактілерді экспорттау мүмкіндігі сақталады», — делінген хабарламада.

Пайдаланушыларға барлық электрондық хаттар мен жеке мәліметтерді жаңа Outlook қосымшасына көшіру ұсынылады. Компанияның айтуынша, бұл процесті автоматты түрде немесе қолмен орындауға болады.

2022 жылдың көктемінде Украинадағы арнайы операцияның басталуы мен Ресейге қарсы санкциялар енгізілгеннен кейін, Microsoft Ресейдегі бизнесін қысқартуды бастады. 2022 жылы «Майкрософт рус» компаниясы қызметкерлерінің басым бөлігін жұмыстан шығарып, жалға алу келісімшарттарын тоқтатты.

Сондай-ақ оқыңыз