Қазақстандық теннисші Билли Джин Кинг кубогы аясында Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 29-орын) Оңтүстік Кореямен өткен кездесудің шешуші матчында жеңіске жетіп, Қазақстан құрамасына маңызды ұпай сыйлады. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.
Федерация мәліметінше, Путинцева өзінен әлдеқайда төмен тұрған қарсыласы Ку Ён Вуды (418-орын) екі сетте 6:4, 7:5 есебімен ұтты.
Бұл матчта бастапқыда Елена Рыбакина (6-орын) мен Да Ён Бак (314-орын) өнер көрсетуі тиіс еді. Алайда құраманың жоспары өзгерді.
Осылайша, Қазақстанның жалпы есебі 3:0-ге жетіп, Оңтүстік Корея құрамасын айқын басымдықпен жеңді. Кеше 16 қараша күні Рыбакина Со Хён Пакты (355-орын) 6:2, 6:2 есебімен сенімді түрде жеңген болатын. Сондай-ақ, алғашқы кездесуде Зарина Дияс (383-орын) Со Хён Пакпен болған матчта керемет камбэк жасап, 3:6, 6:3, 7:6 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы матчтар Астана қаласында өтті.
2024 жылғы маусым қорытындысы бойынша, Рыбакина әлемдік рейтингте алтыншы орынға түсіп қалды. Айта кетейік, 1 қарашада Елена өзінің жаңа бапкерін таныстырған еді. Әлемнің үздік теннисшілердің бірі Новак Джоковичтің жаттықтырушысы енді қазақстандық теннисшімен бірге жұмыс істейді.