Өткен аптада касса бойынша ең көп қаражат жинаған фильм «Шекер: Соңғы мүмкіндік» болса, қазір көшбасшылықты жақында ғана шыққан «Гладиатор 2» фильмі иемденді. Бұл туынды көрермендердің үлкен қызығушылығын тудырып, касса мен рейтинг жағынан алдыңғы орынға шығып отыр.
«Гладиатор 2» – 308 752 197 теңге
«Гладиатор 2» фильмі аты аңызға айналған Максимус Децим Меридиустың оқиғасын оның ұлының өмірімен жалғастырады. Алғашқы бөлімнен кейін 25 жыл өткен уақытты қамтитын сюжет көрерменді Ежелгі Рим әлеміне жетелейді. Басты кейіпкердің Римді қорғау жолындағы ерлігі, әділдік үшін күресі, қызықты шайқастар мен интригалар фильмнің тартымдылығын арттырған. Қызықты оқиғалар мен керемет көріністер «Гладиатор 2»-ні экран алдында ұстап отыр.
«Шекер: Соңғы мүмкіндік» – 160 782 440 теңге
7 қарашадан бері прокатта жүрген бұл фильм де көрермендердің ықыласына бөленуде. Оқиға барысында бас кейіпкер есірткі тасымалы үшін айыпталып, түрмеге түседі. Оның болашағы бұлыңғыр болып, мансабы құрдымға кетеді. Түрмеден босап шыққан кейіпкер бостандыққа ұмтылып, жақындарымен қарым-қатынасын қалпына келтіруге тырысады. Толық залдар жинап жатқан бұл фильм қазір екінші орында.
«Миссия: Красный» – 110 442 319 теңге
Рождестволық комедия жанрындағы бұл фильм қазақстандық көрермендерді әлі де қызықтыруда. Дуэйн Джексонның қатысуымен түсірілген экшн оқиғалары мен жеңіл әзілдері фильмнің табысты болуына ықпал етті.
«Кеттік бәрін таста» – 84 071 390 теңге
Екі дос туралы комедия қазір төртінші орында. Актер болуды армандаған олар продюсермен жұмыс жасау үшін шетелге кетіп, құлдыққа тап болады. Фильм достық, армандарға жету жолындағы қиындықтар туралы қызықты оқиғалармен көрерменге ой салды.
«Нурикамал» – 83 673 382 теңге
Ернат Байұзақтың бұл туындысы екі аптадан бері прокатта болса да, соңғы орында қалуда. Фильмде махаббат үштігі, атақты «Нурикамал» әнінің туу тарихы және елдің өтпелі кезеңдегі тұрмыс деңгейі мен өмірі көрсетілген.
Еске сала кетейік, өткен аптада «Жезтырнақ» атты хорор-комедия жанрындағы жаңа кинотуынды шыққан. Kursiv LifeStyle бұл фильмнің жаңашылдығы мен ерекшеліктері туралы жазған еді.