Маурисио Каттеланның «банан» иллюстрациясы Sotheby’s аукционында 6 млн долларға сатылды

Жарияланды 21 Қараша 2024 08:23

(жаңартылды 21 Қараша 2024 09:04)
post.authors.0.name

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
Маурисио Каттеланның "бананы" 6 млн долларға сатылды
Маурисио Каттеланның «бананы» 6 млн долларға сатылды/ коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Артур Алескеров

Италияндық суретші Маурисио Каттеланның «банан» иллюстрациясы Нью-Йорктегі Sotheby’s аукционында 6 минут ішінде 6,24 млн долларға сатылды.

Artnet басылымының ақпаратына сүйенсек, өнер иесінің «ғасырдың ең көп талқыланған өнер туындысы» деп танылған шығармасы Sotheby’s аукцион үйінің Нью-Йорктегі саудасын жүргізген. 

Айта кетейік, Каттеланның картинасы «Комедия» деп аталады. Ол 2019 жылы қабырғаға қарапайым скотчпен бананды жапсырып қойған. Картина Майами-Бичтегі Art Basel көрмесінде көрсетілген. Алғашқы банан Флоридадағы супермаркеттен сатылып алынған. Кейін бананды көрме қызметкерлері өзгертіп отырған.

Бастапқы да иллюстрацияның құны 120-150 мың доллар шамасында болып бағаланған. Алайда бірнеше жыл ішінде қызу талқыға түскен туындының құны сауда-саттық басталғанда 800 мың доллар болған. Оффлайн аукцион кезінде құны 2,2 млн долларға көтеріліп тоқтаған. Алайда АҚШ-тағы криптонарықтың королі саналатын Джастин Сан бағаны  6,24 млн долларға көтеріп, аукцион басталғаннан кейін 6 минут ішінде иллюстрацияның жаңа иесі атанды.

«Бұл жай ғана өнер туындысы емес. Бұл – өнер, мем және криптовалюта қауымдастығын байланыстыратын мәдени құбылыс. Туынды болашақта одан әрі талқыға түсіп, талай адамды шабыттандырады деп сенемін», – деді Сан өз мәлімдемесінде.

Sotheby’s аукцион үйі өнер туындысының сақталуына кепілдік беріп, өз кепілдігінің құнын 1,5 млн долларға бағалады. Аукцион үйі банан иллюстрациясына күтім жасауға, яғни оны болашақта көрмелерге шыққан жағдайда ауыстырып отыруға міндетті. 

Сондай-ақ оқыңыз