2025-2026 жылдары доллар бағасы қалай құбылуы мүмкін – Ұлттық банк сарапшылары болжам жасады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
2025-2026 жылдары доллар бағасы қалай құбылуы мүмкін
2025-2026 жылдары доллар бағасы қалай құбылуы мүмкін / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Ұлттық банк сарапшылары доллар бағасы, инфляция, экономика өсім, базалық мөлшерлемеге қатысты алдағы жылдарға арналған болжамды жария етті.

Макроэкономикалық сауалнамаға сүйенсек, доллардың теңгеге шаққандағы бағасы 2025 жылы 486,9 теңге, 2026 жылы 498,3 теңге болады деп болжанған.

2025 жылы Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 76,5 доллар, 2026 жылы 74,0 доллар болуы мүмкін. 2024 жылы мұнай құны 80,4 доллар болған.

Респонденттердің болжамына сүйенсек, экономика өсімі 2025 жылы 5%-дан 4,7%-ға дейін төмендеуі мүмкін. 2026 жылы 4,5% өсім болжанған. 2025 жылы инфляция 6,9%, 2026 жылы 6,0% болуы мүмкін.

Базалық мөлшерлеме 2025 жылы 12,5%,  2026 жылы 10,3% болады деген болжам жасалған. 2024 жылы болжам бойынша 14,6% деңгейінде сақталуы мүмкін.

Айта кетейік Ұлттық банк жариялаған болжам зерттеу институттары, халықаралық ұйымдар, рейтингтік агенттіктер өкілдерінің пікірі негізінде жинақталған.

Сондай-ақ оқыңыз