Ұлттық банк 16 қарашадан бері алтын-валюта резервінен 1 млрд доллар сатқан
Ұлттық банк нарыққа 16 қарашадан араласып, интервенция жүргізген. Осы уақыт аралығанда бас банк нарықта 1 млрд доллардан аса валюта сатты. Нәтижесінде Ұлттық банктің алтын-валюта қоры 44,5 доллардан 43,5 млрд долларға дейін азайған. Бұл туралы базалық мөлшерлемеге қатысты брифинг барысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
«Егер нарықта кенет өзгеріс немесе негізсіз алыпсатарлық, нарықтық емес факторлар белең алмаса, біз интервенцияны жалғастырды жоспарлап отырған жоқпыз», – деді Сүлейменов.
Алайда бас банкир соңғы екі күн өте маңызды болғанымен, бұл күндері резервтен нақты қанша доллар сатылғанын нақтыламады. Оның айтуынша, теңге бағамына биржада долларды көптеп сатып алып жатқан заңды тұлғалар сұранысы әсер етіп жатыр. Жеке тұлғалар тарапынан артық сұраныс болмаған.
«Доллар бағамына келсек, доллар бағамын жоспарламаймыз. Бағам нарықтағы сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады. Сондықтан бізде доллар бағамы қанша болатынына қатысты болжам жоқ», – деді ҰБ басшысы.
Сүлейменов 16 қарашадан биржада доллар сатып жатырмыз дегенімен, Ұлттық банк интервенция жүргізіп жатқанын тек 28 қарашада хабарлады.
Интервеция туралы хабарлама жарияланған кезде, доллар KASE қор биржасында 513 теңгеден саудаланып жатқан. 28 қарашада биржада сатылған долар көлемі 700 милионнан асты. Салыстырар болсақ, 27 қарашада сауда-саттық көлемі 455,5 млн долларды, ал 26 қарашада 203 млн долларды құраған.