Абай облысындағы гимназия мұғалімі Ерқанат Сәдуханов дыбыс продюсері ретінде рэпер Никки Минаждың жаңа альбомын дайындап жатыр

Жарияланды 1 Желтоқсан 2024 14:40

(жаңартылды 2 Желтоқсан 2024 08:02)
Нұртай Текебаев

Нұртай Текебаев

Тілші
Биология пәнінің мұғалімі Ерқанат Сәдуханов рэпер Никки Минаж альбомын жазуда/ фото: harpersbazaar.kz

Қазақстанда тұратын талантты маман Ерқанат Сәдуханов шетелдік танымал әнші Никки Минаждың дыбыс продюсері атанды. Ерқанат бұл жаңалықты instagram парақшасында бөлісті. Жігіттің өнердегі лақап аты – eraholic.

Сәдуханов Абай облысы Жарма ауданы білім бөліміне қарасты Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназияда қызмет атқарады.

Жас мұғалім Ники Минаждың «Pink Friday 2» альбомының люкс нұсқасының жарыққа шығуына үлес қосады.

Бұған дейін Ерқанат Blackpink тобындағы Dua Lipa, Rosalia және Lisa  сынды өнер жұлдыздарымен жұмыс істеп үлгерген. Қазір Никки Минаж жанкүйерлері үшін ерекше дүние дайындап жатыр. Туынды 2024 жылдың 13 желтоқсанында шығады деп жоспарланған.

Кеңейтілген басылым түпнұсқа альбомның бір жылдығына арналады. Әнші тыңдаушыларға жаңа композициялар ұсынады.

Никки Минаж – әлемдегі ең табысты рэперлердің бірі. Ол ең үздік хип-хоп орындаушысы ретінде ASCAP сыйлығын иеленді. Көрермен есебі жөнінен Эминемді басып озып, әні ең көп тыңдалған рэпер әйел атанды.

Ауыл мектебінің педагогі Ерқанат Садуқановтың есімі музыка әлемінде кеңінен танымал бола түсуде. Бұған дейін Kursiv Media Ерқанат Сәдухановтың испан әншісі Rosalia-мен бірге ән жазғаны туралы жазды.

Сондай-ақ оқыңыз