Өңірлерде қойылатын ескерткіштер жергілікті бюджеттен қаржыландырылады

Жарияланды 17 Желтоқсан 2024 10:26

(жаңартылды 17 Желтоқсан 2024 10:26)
Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
Ескерткіштер жергілікті бюджеттен қаржыландырылады
Ескерткіштер жергілікті бюджеттен қаржыландырылады / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстанда өңірлерде қойылатын ескерткіштер енді жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын болады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жаңартылған бұйрығында жазылған.

«Жергілікті атқарушы органдардың монументалды өнер құрылыстарын (ескерткіштер мен бюсттер, тақталар) орнатуы жергілікті бюджет қаражатынан немесе өзге де қаржы көздері есебінен жүзеге асырылады», – делінген бұйрықта.

Бұған қоса, ескерткіш қоймас бұрын ескерткіш қойылуы тиіс тұлғаның қайтыс болғанына 5 жыл толуы қажет. Дегенмен мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтуға ерекше үлес қосқан, елеулі тарихи оқиға жасаған, ерлік істеген азаматтарға ескерткіш 5 жыл мерзімді күтпей қойылуына болады.

Бұйрыққа сәйкес, бір елді мекенде көрнекті тұлғаға немесе маңызды тарихи оқиғаға арналған бір ғана ескерткіш болуы тиіс.

Ескерткішті орнату жұмыстары жоспарлы негізде жүргізіліп, байқау негізінде арнайы комиссия үздік жұмыстарды таңдауы тиіс. Басты талаптар қатарында жұмыс жобасы сапалы шығармашылық орындау, портреттік ұқсастықты ашу және тарихи оқиғаның көрінісі үшін қарастырылуы тиіс.

Сондай-ақ оқыңыз