Freedom Holding Corp. ESG туралы ашық ақпарат ұсынатын компаниялар қатарына енді
PricewaterhouseCoopers (PwC) аудит-консалтинг компаниясы ESG (экология, қоғам, басқару) туралы ашық ақпарат ұсынатын 50 ұйымның тізімін жасады. Бұл зерттеуде компаниялардың 2023 жылғы қаржы есебіне сүйенген. ESG ақпаратты ашу рейтингі бойынша, Freedom Holding Corp. 18-орын алды.
Жалпы 98 компанияның есебі зерттелген. Бұл компаниялар экология, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару саласында жоғары ашықтықты қамтамасыз еткен. Үздік үштікке «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазақстан Темір Жолы» мен Solidcore Resources plc енген. Одан кейін тізімде:
- «Қазатомөнеркәсіп» АҚ
- «ҚазМұнайГаз» АҚ
- «Банк ЦентрКредит» АҚ
- «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» АҚ
- «Қазақтелеком» АҚ
- «Қазақстан Даму Банкі» АҚ
- «Самұрық-Қазына» АҚ келеді.
Аталмыш тізімде Freedom Holding Corp. 18-орынға тұрақтаған.
Компаниялар есебі негізі бес критерий бойынша бағаланған. Олар: тұрақты даму стратегиясы; корпоративтік басқару, қоғам, экология және есеп беру. ТОП-елулікке енген компаниялардың орташа бағасы былтырмен салыстырғанда 5,1-ден 6 баллға өскен. Бұл есеп беру сапасының едәуір жақсарғанын байқатады.
Рейтингке енген компаниялардың 54%-ы ESG-қатерлерін ашып көрсетсе, 84%-ы тұрақты даму мақсаты мен ESG тәуекелдерін анықтап, оларды есептерінде ашық жазған. Әлеуметтік жауапкершілік бойынша компаниялар қызметкерлердің құқықтарын қорғау, тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету және жұмыс жағдайларын жақсарту бағытында жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар мамандардың пайымдауынша, экологиялық көрсеткіштерді ашу, оның ішінде парниктік газ шығарындылары бойынша мәлімет беру жыл сайын жақсарып келеді.