Қай Марат Омаров? Қазақстан футбол федерациясының президенті сайланды

Жарияланды 20 Желтоқсан 2024 14:13

(жаңартылды 20 Желтоқсан 2024 15:36)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Марат Омаров Қазақстан футбол федерациясының президенті болып сайланды / фото: Қазақстан футбол федерациясы, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

20 желтоқсанда Астанада Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) отырысы өтті. ҚФФ-ның жаңа президент болып 36 жастағы Марат Омаров сайланды.

Марат Омаровты бұл қызметке Астана қаласының футбол федерациясы ұсынған. Ол 34 дауыс жинап, қарсыластары Алтай Даумов (2 дауыс)пен Ербол Қайыровты (1 дауыс) артта қалдырды.

Марат Омаров Ұлыбританияның Йорк университеті мен Лондон экономика мектебін бітірген. 2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы қызметін атқарған. Бұған дейін ұлттық экономика министрлігінде және бірнеше ірі компанияларда басшылық лауазымдарда еңбек еткен. Сондай-ақ «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ директорлар кеңесінің құрамында болған.

Еске сала кетейік, бұған дейін футбол федерациясын басқарған Әділет Барменқұлов қараша айында өз еркімен қызметінен кеткен.

Сонымен қатар футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов соңғы уақытта жанкүйерлер тарапынан сынға қалған еді. Черчесовтың тұсында ұлттық құрама Ұлттар лигасы аясында 6 ойын өткізіп, 5 жеңіліс, 1 тең нәтиже көрсетті.

2024 жылғы футбол маусымында ұлттық құрама сәтсіз өнер көрсеткеннен кейін, мәжіліс пен сенат депутатарына да дейін қазақ футболын сынға алған еді. Үкімет 2025 жылы елімізде олимпиадалық спорт түрі футболдың дамуына басымдылық берілетінін мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз