Әлемді өнерімен таң-тамаша қылудан жалықпайтын Димаш Құдайберген қазақ әншісі Бибігүл Төлегеноваға сән бұйымын сыйлады. Бұл жөнінде Димаштың Еурподағы жанкүйерлер клубы хабарлады.
Димаш әншінің туған күніне арналған шараға арнайы келген.
Сүйікті әншінің продюссері Лека Савиельева ұсынған бейнежазба фейсбук парақшасында жарияланды. Клуб мүшелері бұл жаңалықты жылы қабылдады.
«Бұл әсерлі сәт ұлы әйелдің талантына шексіз сүйіспеншіліктің, терең құрмет пен шынайы құрметтің жарқын символына айналды. Димаш туған күн иесіне әншінің өміріндегі ерлігі мен мәдениетке қосқан өлшеусіз үлесіне деген ынта-ықыласын білдіретін қымбат сыйлық тарту етті», – деп жазды продюссер.
Талантты дарабоз Димаш Құдайбергеновтың халықтың аңыз адамына айналған Бибігүл Төлегеноваға деген ілтипат-құрметі ерекше. Ол жақында Дубайда алған (БАӘ) DIAFA сыйлығын өнердегі сүйікті апасының 95 жылдық мерейтойына арнайтынын мәлімдеді.