Екі миллиардердің компаниясы Halyk bank-тен 5 млрд теңге кредит алады

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің редакторы
Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстандағы ең бай бизнесмендердің қатарындағы Александр Клебанов пен Сергей Канға тиесілі «Павлодарэнерго» компаниясы 5 млрд теңге кредит алады. Несиені Halyk bank береді.

Акционерлердің Қазақстан қор биржасы сайтында жариялаған шешіміне сәйкес, келісім банк және «Павлодарэнергоның» бас компаниясы – Орталық-Азия электроэнергетикалық корпорациясының» (ОАЭК) құрамына кіретін басқа да еншілес фирмалар арасында жасалған.

ЦАЭК-тің құрамына «Павлодарэнергодан» бөлек, «Севказэнерго» АҚ, «Ақмола электржелілік үлестіру компаниясы» АҚ, «Павлодар электржелілік тарату компаниясы» кіреді.

Компанияның 5 млрд теңге кредит алатыны 2024 жылдың соңында белгілі болған. «Павлодарэнерго» – «Орталық-Азия электроэнергетикалық корпорациясының» 100% еншілес кәсіпорны. Корпорацияға миллиардер Александр Клебанов пен Сергей Кан иелік етеді. ОАЭК-тің 47% акциясы – Александр Клебановка тиесілі болса, 47%-ы Сергей Канның меншігінде.

Александр Клебановтың байлығы 815 млн долларға бағаланса, Сергей Канның дәулеті 262 млн долларға тең. Екеуі де Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің қатарына кіреді.

Сондай-ақ оқыңыз