Алдағы екі жылда Қазақстан тәулігіне қанша мұнай өндіруі мүмкін?

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

АҚШ-тың энергетикалық ақпарат басқармасы Қазақстан 2025 жылы тәулігіне 1,89 млн баррель мұнай өндіруі мүмкін деген болжам жасайды. Ал 2026 жылдың 9 айында тәулігінде 1,98 млн баррель мұнай өндірілсе, IV тоқсанында бұл көрсеткіш 2 млн баррельге жетуі ықтимал.

Бұл ретте басқарма 2025 жылы мұнай бағасы арзандай түседі деп пайымдайды. 2025 жылы Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 74 долларды құраса, 2026 жылы тіпті 66 долларға дейін арзандауы мүмкін.

Мұнай бағасының арзандауына әлемдік нарықтағы ұсыныстың артуы себеп болады. Болжам бойынша, мұнайға деген сұраныс әлем бойынша тәулігіне 104,1 млн баррельді құрайды. Ал нарықтағы ұсыныс одан сәл асып, 104,4 млн баррельге жетпек.

Ал мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) ай сайынғы есебінде Қазақстан 2024 жыл соңында күнделікті мұнай өндірісін 1,422 миллион баррельге дейін қысқартатыны жазылған.

Ұйым дерегі бойынша төртінші тоқсанда өндіріс деңгейі 1,405 млн баррельге дейін төмендеп, 2024 жылғы ең төменгі көрсеткішті құраған. 2024 жылы орта есеппен тәулігіне 1,529 млн барррель мұнай өндірілген.

ОПЕК+ келісімі аясында Қазақстан 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында тәулігіне 1,468 млн баррель мұнай өндіре алады. Одан асып кетсе, кейінгі айларда мұнай өндірісін қысқартуға мәжбүр болмақ.

Сондай-ақ оқыңыз