Илон Масктің Starship зымыраны аспанда жарылғаннан, әуе рейстері кейінге қалдырылды

Жарияланды 17 Қаңтар 2025 12:43

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
Илон Масктің Starship зымыраны аспанда жарылғаннан әуе рейстері кейінге қалдырылды
Илон Масктің Starship зымыраны аспанда жарылғаннан, әуе рейстері кейінге қалдырылды / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Миллиардер Илон Масктің SpaceX компаниясына тиесілі Starship зымыраны сынақ кезінде әуеде жарылып, соның салдарынан Оңтүстік Техаста әуе рейстері кейінге қалдырылды. Бұл туралы Reuters басылымы жазды.

Зымыран Оңтүстік Техастағы ғарыш айлағынан Астана уақыты бойынша таңғы сағат 4.38-де ұшырылып, сегіз минуттан кейін байланыс үзіліп, жарылыс болған. Апат зымыранның екінші сатысының жұмыс кезінде болғандығы атап өтілді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, апатқа қозғалтқыштағы сұйық оттегінің ағып кетуі себеп болуы мүмкін. Бұл құрылымның бұзылуына әкеліп, өрт басталған.

«Сұйық оттегінің ағып кетуі желдеткіштің өткізу қабілетін баяулатып, қозғалтқышқа қысым түсіп, жарылыс болды», – деді компания басшысы  Илон Маск.

Куәгерлер кеменің сынықтары Гаити аспанында ұшып бара жатқанын көрген. Федералды авиация басқармасы бұл аймақтағы әуе кеңістігін жауып тастап, Мексика шығанағының үстіндегі рейстерді қайта бағыттауға тура келді.

Маск тарихтағы «ең қуатты зымыранды ұшыру» келесі айға жоспарланатынын жазды.

Сондай-ақ оқыңыз