Қазақстанда қымбаттаған картопты қандай өніммен алмастыруға болады

Жарияланды 22 Қаңтар 2025 14:29

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
Картопты қандай өніммен алмастыруға болады
Қымбаттаған картопты қандай өніммен алмастыруға болады / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Соңғы бір апта ішінде Қазақстанда картоп қымбаттап, шетелге шығаруға тыйым салынып, Сауда министрлігі оның бағасын тұрақтандыру үшін ірі дүкендер желісінің өкілдерімен кездесіп, бағаны қайта түсірді. Kursiv Lifestyle  картоп орнына қолдануға болатын өнімдерді ұсынады.

Картоптың құрамында крахмал мөлшері жоғары. Сондықтан адам ағзасына барғанда крахмал қантқа айналып, көмірсутектің көлемін арттырады. Картопты көп қолданып, крахмал деңгейін өсірмес үшін оны алмастыруға болатын өнімдерді қолдануға болады.

Батат

Фото: shutterstock

Бататтың картоппен құрамы мен құндылығы бірдей. Дегенмен бататта (80 ккал) крахмал деңгейі картоптағыдан (86 ккал) төмен. Картоптан басты айырмашылығы құрамында көмірсулар көп, сондықтан қандағы қант деңгейінің күрт жоғарылауына әкеліп соқпайды. Әсіресе, фри немесе қуырылған картопты жақсы көретін жасөспірімдер мен балалар картоп орнына бататты беруге болады.

Фасоль

Фото: shutterstock

Барлық бұршақ текті өнімдер секілді екі бірдей пайдасы бар тағам деп атауға болады. Себебі оның құрамында ақуыз да, көмірсулар да жеткілікті. Ақуыздар деңгейі бойынша фасоль сиыр мен тауық етіне жақын. Картоп құрамында жоқ В дәруменіне өте бай. Оны, әсіресе, картоп қосылатын салаттарда немесе гарнир ретінде қолдануға болады. Әдеттегі гарнирлер күріш немесе картоппен салыстырғанда, пісу кезінде дәрумендерді көп жоғалтпайды.

Топинамбур

Фото: shutterstock

Топинамбур біздің елде танымал болмағанымен оны Таяу шығыс елдерінде картоп орнына қолданады. Оны «суперфуд» деп те атайды. Ол ішек микрофлорасын тұрақтандыруға, метаболизмді жақсартуға және артық салмақтан арылуға көмектесетін табиғи өнім. Сонымен қатар оның құрамында ағзаға жеткенде, жойылып кететін қант өнімі инсулин бар. Оны ғалымдар әлі күнге жасанды жолмен өндіре алмай келеді. Ол біз білетін тағамдар ішінде топинамбурда және цикорийде кездеседі.

Асқабақ

Фото: shutterstock

Асқабақ адам азғасына, ең алдымен, бета-каротиннің жоғары мөлшерін алып келеді. Оның құрамындағы дәрумендер сәбізден бес, картоптан он есе көп. Құрамындағы крахмал үлесі 26 ккал ғана, тек қант мөлшері жоғары. Оны қант диабеті бар адамдар шекерге құмарлық артқанда қолданады. Оны қайнатып, езіп пюре түрінде гарнир етіп пайдалануға болады.

Селдерейдің тамыры

Фото: shutterstock

Селдерейдің сабағы барлық тағамға қосыла береді. Алайда оның тамырында іске асыруға болады. Себебі сабағына қарағанда тамырында пайдалы дәрумендер көбірек. Ол қандағы қант деңгейін 15-20% төмендетуге көмектесіп, ағзадағы артық сұйықтықтарды кетіруге табиғи детокс бола алады. Асқазан-ішек жүйесін тазартқанда, оны тітіркендірмейтін өнімдердің бірі.

2025 жылдың басында Үкімет елдегі картоп бағасын тұрақтандыру үшін шектеу енгізді. Шектеу шаралары 6 айға созылады.

Сондай-ақ оқыңыз