
Продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында Қайрат Нұртастың 30 мың көрермен алдында концерт бергенін жазды, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Оның айтуынша, осыдан 20 жыл бұрын әншінің алғашқы концерттеріне небәрі 30 адам жиналған. Айдарбекова сол кезді еске алып, бүгінгі жетістікке ұзақ жылдық еңбектің арқасында жеткенін атап өтті.
«Мұның артында қаншама қара тер, санаулы сағаттар мен күндер емес, 20 жыл еңбек тұр», – деп жазды ол.
Гүлзира Айдарбекова елімізде жақында қаза тапқан жас сарбаздардың аналарына көңіл айтып, барша ананың көз жасы тек қуаныштан болуын тіледі. Сондай-ақ Қайрат Нұртастың өз еңбегі мен күшін қаза болған сарбаздардың аналдарына көмек көрсетуге арнамайтынын жеткізді.
«Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын. Анасын бала, баласын ана жоғалтпасын», – деп жазды продюсер.
Бүгін Астана аренада Қайрат Нұртастың жеке концерті өтеді.
Қазақстандық әнші Sadraddin Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты Алматыдағы концерттерін кейінге шегерген еді. Оның концерті де бүгін Алматыда өтеді.