Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер тізімін жариялады. Тиісті өзгертулерден кейін, құжат ресми жария болды.
Енді Қазақстанда бухгалтерлік есеп, қылмыстық-атқару, қаржы мониторингі, колледж мұғалімдері және т.б. сала мамандарының кәсіби мерекесі пайда болады:
- 28 қаңтар – Қаржы мониторингі жөніндегі органдар күні;
- Шілде айының біріншісі жексенбісі – Теңіз және өзен көлігі қызметкерлері күні;
- Қыркүйек айының екінші жексенбісі – Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика саласындағы қызметкерлер күні;
- 2 қазан – ҚР техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлерінің күні;
- Қазан айының соңғы жексенбісі – Авто транспорт саласы қызметкерлері және Автожол саласы қызметкерлерінің күні;
- 10 қараша – Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызметкерлер күні;
- 13 желтоқсан – Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің күні.
Осыған дейін 2024 жылдың сәуір айында 8 жаңа кәсіби мереке қосу талқыла салынғанын жазған едік.