Инфрақұрылымдық желідегі ақауға байланысты eGov жүйесі жұмыс істемейді

Жарияланды 24 Қаңтар 2025 13:44

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
Инфрақұрылымдық желідегі ақауға байланысты eGov жүйесі жұмыс істемейді / Фото: Deposit Photos

Инфрақұрылымдық желідегі ақауға байланысты eGov жүйесіндегі кейбір қызметтердің жұмысында ішінара қателік болады. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» хабарлады.

«Мемлекеттік органдардың серверлік орталығы инфрақұрылымының желісіндегі техникалық ақауға байланысты «ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін бірқатар сервистердің уақытша қолжетімсіз екенін хабарлайды», – делінген ақпаратта.

Орталықтың ақпаратына сүйенсек, eGov.kz бірқатар порталының компоненттері мен eGov Mobile қосымшасының, E-license және Ашық Үкімет порталының, Мемлекеттік органдардың бірыңғай интернет порталының және «ҰАТ» АҚ басқа жобаларының қызметін алуда қиындықтар туындайды.

Қазір орталық мамандары сервис қызметін толыққанды қалпына келтіруге тырысып жатыр. Дегенмен eGov жүйесі әлі қызмет көрсете алмай тұр.

Бұған қоса, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен банк қосымшаларында мемлекеттік қызметтер мен құжаттарды алу функциясының жұмысында да қиындық туындаған.

Айта кетейік, осыған дейін науқас парағы электронды нұсқада берілетіні туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз