2024 жылы Қазақстан экономикасының өсімі 4,8% құрады – Олжас Бектенов

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Business News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock.com

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсімі 4,8%-ды құрады. Үкіметтің кеңейтілген отырсында ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов осылай мәлімдеді. Бұл үкіметтің 6%-дық межесінен біршама төмен.

«Ауыл шаруашылығында 13,7 пайыз, құрылыста 13,1, саудада 9,1, көлік бойынша 8,5 пайызға дейін өсім болды. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 5,9 пайызға ұлғайды. Аграрлық сектор мен өңдеуші салада соңғы он жыл ішіндегі ең қарқынды өсім тіркелді, – деді Бектенов.

Алайда мұнай өндіру көлемі 2 млн 400 мың тоннаға төмендеп, жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынына кері әсерін тигізген. Оған себеп – ОПЕК+шеңберіндегі міндеттемелеріне және былтыр ірі кен орындарының күрделі жөндеуге жабылуы.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев 4 пайыздық өсім жеткіліксіз екенін айтқан болатын.

Бектенов үкіметі жыл соңына дейін жалпы ішкі өнімнің 6% деңгейінде өсуін қамтамасыз ететінін мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз