Қаржы министрі – Салық әкімшілігін күшейтеміз

Жарияланды
салықты доллармен
Салық әкімшілігіне өзгерістер енгізіледі / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Енді ЖК мен ТОО ашу қиындай түседі. Алматыда өткен жиында қаржы министрі Мәди Такиев Салық әкімшілігін күшейту бойынша ұсыныстарын айтты.

Жиында Мәди Такиев салық әкімшілігін күшейтуге қатысты бес түрлі өзгерісті ұсынды. Олар :

  • Жеке кәсіпкерлік пен ЖШС ашуды күшейту
  • Әрекетсіз тұрған заңды тұлғалардың нысандарын жабу
  • Мобильді кедендік топтар құру
  • Белгілі бір бағыт бойынша банк құпиясын ашу
  • Салық органдарының бақылау функцияларын кеңейту

Салық әкімшілігін күшейту не үшін керек?

Қаржы министрлігінің мәліметінше, былтыр республикалық бюджет толық орындалған жоқ. Жоспарланған 14,1 трлн теңгенің орнына 13,5 трлн теңге түсті. Жоспардың орындалмауына салықтық түсімдер әсер кеткен. Былтыр қазынаға 12,7 трлн теңге орнына 12,3 трлн теңге түсті. Яғни 366,7 млрд теңге жетпей қалды, бірақ бюджет шығындары азайған емес. 

«Біздің шығындарымыз түсімге қарағанда көбірек өсіп жатыр. Осы мақсатты салық әкімшлігін күшейту бойынша реформалар ұсынылып отыр», – деді қаржы министрі Мади Такиев.

Мәселен, ЖК немесе ЖШС ашу енді бұрынғыдан күрделі бола түседі. Бұл көлеңкелі кәсіпкерлердің алдын-алу үшін қажет. Салықтан жалтарып жүрген компанияларды анықтау үшін әрекетсіз тұрған нысандарды жабу да ұсынылып отыр.

«Қазір бізде ондай компаниялар көп. 2024 жылы салық жағынан жұмыс істемей тұрған 17 мың компания жабылды. Олардың көлемі азайған емес. Олар бір-бірін қайта сатып, салықтан жалтарудың жаңа әдістерін ойлап табады», – деп түсіндірді министр.

Сондай-ақ салық органдардың бақылау функциясын кеңейтуді ұсынбақшы. Бірақ функциялары кеңейгенмен, тексерістер саны азаяды. Такиевтің сөзінше, бұрын салық органдары 700 мың тексеріс жасасақ, қазір оның көлемі он мыңға дейін қысқарған.

Салық органдары қазір тағы бір мәселені қарастырып жатыр. Енді телефоннан түскен ақша аударымдары бұрын хабарланғандай 255 мың емес бір миллионнан асқан жағдайда ғана тексерілуі мүмкін. Әзірге бұл ұсыныс Ұлттық Банк қарауына жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыз