Трамптың шектеулеріне байланысты Porsche және Audi АҚШ-та өндіріс орнын ашпақ

Жарияланды 2 Ақпан 2025 17:53

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
Porsche және Audi АҚШ-та өндіріс орнын ашпақ
Porsche және Audi АҚШ-та өндіріс орнын ашпақ / Фото: shutterstock

АҚШ президенті Дональд Трамптың Америкадағы өндіріс орны жоқ көліктерге қосымша баж салығын салу туралы идеясы іске асатын болса, франсуздық Porsche және немістің Audi компаниялары АҚШ-та өндіріс орындарын ашуы мүмкін. Бұл туралы Caarscops басылымы жазған.

Мәселенің мәні

Басылымның жазуынша, қазір Америкада еуропалық көліктер қатарынан BMW, Mercedes және VW маркаларының өндіріс орындары бар. Ал Porsche пен Audi АҚШ нарығында кең таралғанына қарамастан, бұл елде зауыт ашпаған. Porsche маркасы тек Еуропада өндірілетін болса, Audi-дің зауыты Мексикада орналасқан.

Алайда Трамп Еуропадан келген көліктерге 10 пайыз, Мексикада өндірілген тауарға 25 пайыз баж салығын енгізу мәселесін көтерген. Бұған қоса, өзінің сайлау алды кампаниясында америкалық өндірісті қолдау үшін шетелдік маркаларды АҚШ-та зауыт ашуға міндеттеуге уәде берген.

АҚШ нарығы

Басылымның жазуынша, қазір екі компанияда АҚШ-тағы VW зауыттарымен келісіп, өз көліктерін осы зауытта құрастыру жолдарын қарастырып жатыр. Себебі бұл маркалардағы қымбат көліктерді сатып алу жағынан АҚШ Еуропамен қатар жоғары позицияда тұр. 2024 жылы америкалықтар 76 167 Porsche, 196 576 Audi сатып алған.

Айта кетейік, Трамптың саясаты америкалық маркалардың шетелге шығуына да кері әсер етпек. Мәселен, президенттің 1 ақпандағы Канада, Қытай және Мексика тауарларына баж салығын көтеру туралы шешімінен кейін Канада Tesla көліктеріне баж салығын 25 пайызға көтеруді көздеп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз