Тазы иттерінің өз мерекесі пайда болады

Жарияланды 3 Ақпан 2025 09:47

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Тазы ит тұқымдарының өз мерекесі пайда болады / фото: shutterstock

Қазақтың тазысы мен төбеті енді ресми түрде өздерінің арнайы күнін атап өтпек. Экология министрлігі мерекелік даталар тізіміне «Қазақы ит тұқымдарының күні» атауын енгізуді жоспарлап отыр. Бұл мереке жыл сайын 3 қыркүйекте аталып өтетін болады.

«Тазы мен төбет – қазақтың төл ит тұқымдары, халқымыздың мақтанышы, «Жеті қазынаның» бірі. Олардың маңыздылығын арттыру және дәріптеу мақсатында арнайы күн белгілеу ұсынылады,» – делінген министрлік ұсынған құжатта.

3 қыркүйек 2024 жылы Халықаралық кинологтар федерациясы (FCI) қазақы тазыны ресми түрде алдын ала танылған ит тұқымы деп мойындап, Қазақстанды осы ит тұқымының стандартын бекітуші ел ретінде тану туралы шешім қабылдаған болатын. Осыған орай, дәл осы күн Қазақы ит тұқымдарының күні болып белгіленбек.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Қансонар» аңшық шаруашылық қоғамдық бірлестігі Qazpatent ұйымынан ресми түрде «Қазақ тазысын» патенттеуге рұқсат алғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз