Lady Gaga, Shakira, Beyonce: Grammy 2025 сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды

Жарияланды 3 Ақпан 2025 12:54

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Grammy 2025 сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды / фото: reuters

Лос-Анджелесте 67-ші Grammy музыкалық премиясын табыстау рәсімі өтті. Бұл – әлемдегі ең беделді музыкалық марапаттардың бірі.

«Жылдың үздік альбомы» номинациясында жеңісті Бейонсе жеңіп алды. Бейонсе «Cowboy Carter» атты туындысы арқылы roots-country жанрын зерттеп, афроамерикалық мәдениет тарихына терең үңілген.

Сондай-ақ Кендрик Ламар өз шығармашылығы үшін екі бірдей номинацияда жеңімпаз атанды:

  • «Жылдың үздік жазбасы»
  • «Жылдың үздік әні»

Бұл марапаттар оған «Not Like Us» трегі үшін берілді. Бұл ән сыншылар тарапынан «әлеуметтік наразылықтың гимні» ретінде бағаланып, қоғамда үлкен резонанс тудырған еді.

Грэммидің басқа жеңімпаздары:

  • Үздік жаңа әртіс – Чаппелл Рон
  • Үздік поп-вокал (альбом) – Short n’ Sweet (Sabrina Carpenter)
  • Үздік дуэттік поп-орындау – Леди Гага мен Бруно Марс (Die With A Smile)
  • Үздік латын поп-альбом – Шакира (Las Mujeres Ya No Lloran)
  • Үздік кантри-альбом – Бейонсе (Cowboy Carter)
  • Үздік рэп-альбом – Doechii (Alligator Bites Never Heal)
  • Үздік электро/би альбомы және үздік би жазбасы – Charli XCX (Brat)
  • Үздік рок-альбом – The Rolling Stones (Hackney Diamonds)
  • Үздік альтернативті альбом – Flea (St. Vincent)

Еске сала кетейік, 2021 жылы тұңғыш қазақстандық музыкант DJ Imanbek «Үздік ремикс» номинациясында Grammy сыйлығын жеңіп алған еді.

Бұған дейін кино саласындағы 97-ші «Оскар» сыйлығының үміткерлері белгілі болғаны туралы жазған едік. «Оскар» сыйлығын табыстау рәсімі 2 наурызға жоспарланған.

Сондай-ақ оқыңыз