«Сұңқар» арнайы жасағы Дубайдағы халықаралық жарыста жеңімпаз атанды

Жарияланды 3 Ақпан 2025 15:11

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
«Сұңқар» арнайы жасағы Дубайда топ жарды / фото: uaeswatchallenge.com

Дубайда өтіп жатқан SWAT Challenge халықаралық жарысында ҚР Ішкі істер министрлігінің «Сұңқар» арнайы жасағы алтын медаль жеңіп алып, еліміздің абыройын асқақтатты. Сонымен қатар Қазақстан атынан сынға түскен «Арыстан», «Сардар» және «Арлан» бөлімшелері де үздік ондыққа еніп, жоғары нәтижеге қол жеткізді.

фото: uaeswatchallenge.com

Дубайда өткен бұл сайыс әлемнің түрлі елдерінен келген арнайы жасақ сарбаздарының шеберлігін сынайтын беделді дода саналады. Қазақстандық жауынгерлер алғашқы кезеңде-ақ өз шеберліктерін дәлелдеп, 1 минут 34 секунд ішінде кедергілерді еңсеріп, нысандарды атып, шартты тұтқындарды құтқарды. Бұл көрсеткішке тек Қытайдың арнайы жасағы ғана жақындай алды, алайда олардың нәтижесі біздің сарбаздардан төмен болды.

фото: uaeswatchallenge.com

Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған арнайы жасақтар физикалық және тактикалық дайындықтарын шыңдап, кәсіби шеберліктерін көрсетіп бақ сынап жатыр.

фото: uaeswatchallenge.com

Арнайы жасақтар арасында халықаралық SWAT Challenge 2025 додасы 5 ақпанға дейін өтеді. Біздің әскерилерміздің өнерін Dubai Police Youtube арнасынан көре аласыз.

Сондай-ақ оқыңыз