Алматыда 400 сарапшының басын қосқан қаржыгерлер саммиті өтеді

Жарияланды
Алматыда CFO SUMMIT XII өтеді / Фото:digitalbusiness.kz

Осы жылы 5 наурызда Алматыда қаржы саласындағы мүмкіндіктер мен маңызды сұрақтарды талқылау үшін сарапшылар мен көшбасшылар жиналмақшы. CFO SUMMIT XII 400-ден аса топ-менеджер, үкімет мүшелері, саясаткерлер, мемлекеттік ұйым өкілдері мен тәуелсіз мамандардың басын қосады. Жиынның басты тақырыбы – «Қазақстандық арман деген не және оған қалай жету керек?».

Форум спикерлері:

  • Игорь Рябенький — америкалық AltaIR Capital, венчурлық компаниясының негізін қалаушы, кәсіпкер және «бизнес-періште».
  • Досым Сатпаев — саясаттанушы және қоғам қайраткері, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы терең зерттеулердің авторы
  • Алмас Чукин — Visor Holding атты инвестициялық компанияның атқарушы серіктесі
  • Елена Бахмутова — Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы
  • Ғалым Құсайынов — «Teniz Capital Investment Banking» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;
  • Виталий Волянюк — Digital Business порталының негізін қалаушының бірі
  • Алина Өтемісқызы — «Қазақстан қор биржасы» АҚ Басқарма төрағасы
  • Ораз Жандосов — «Ракурс Консалтинг Груп» және «Eneverse KunKuat» ЖШС иесінің бірі.

Саммитте үш түрлі панельдік дискуссиядан бөлек арнайы практикалық шаралар да өтеді. Жетекші мамандар өз компаниясында қолданған кейстерді де бөліседі дейді ұйымдастырушылар.

Сондай-ақ саммитте The Best CFO 2025 конкурсының жеңімпаздары марапатталады. Бұл марапатты Kazakhstan Growth Forum ұжымдық қоры ұйымдастырған, қаржы директорлары үшін ең беделді марапаттың бірі. Осы жылы конкурста «қаржы секторы», «ірі және орта бизнес», «шағын бизнес» деген номинацияда жеңімпаздар анықтайды.

Сондай-ақ оқыңыз