Түркияда «Фермерлер банкі» қаржы пирамидасын ұйымдастырған Мехмет Айдын мен Фатих Айдын есімді ағайындыларды 45 мың 376 жылға сотталды. Үкімді 3 ақпан кешке Ыстанбұл соты шығарған.
Мәселенің мәні
Anadolu агенттігінің жазуынша бойынша, сот оларға 13,8 млн доллар (496 млн лира – 7,2 млрд теңге) айыппұл салған. Олар бұл айыппұлды 24 ай ішінде төлеуі қажет.
Ағайынды Айдындар 2016 жылы «Фермерлер банкі» компаниясын құрады. Тұтынушылар арасында ойын өткізіп, ақша жинайды. Ұйым жиналған ақшаға қоса, инвестиция тартып, фермерлерге шаруа қожалықтарын құрып беруге уәде береді. Халық оларға 2 жыл бойы ақша аударып келгенімен, қожалықтар құрыла қоймаған. 2018 жылы клиенттер төлемдерді тоқтатқаннан кейін, банкке қарсы тергеу басталды.
Мехмет Айдын мен Фатих Айдын және олардың 11 серіктесі алаяқтық, салық төлеуден жалтару, ақшаны жылыстау және басқа да қылмыстары үшін кінәлі деп танылған. Сотта ағайынды Айдындар ғана болған. Өзге күдіктілерге халықаралық іздеу салынған.
Қазақстанда да қаржы пирамидасын құру және оның жұмысына араласу қылмыс. 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Қазақстанда мұндай айыппен істі болғандардың арасында блогер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов та бар. Олар Mudarabah Capital пирамидасын жарнамалап, одан үлес алып отырды деген айыппен 5 жылға сотталған.