Marvel және Disney киностудиялары «Фантастикалық төрттік: Алғашқы қадамдар» жаңа фильмінің алғашқы трейлерін жариялады. Бейнежазбада суперқаһармандар отбасы мен 1960-жылдарындағы Нью-Йорк қаласы көрсетілген.
Фильмнің режиссері – Мэт Шакман, бұған дейін «Доктор Хаус», «Жақсы әйел», «Игра Престолов» және «ВандаВижн» сияқты танымал жобаларда жұмыс істеген. Ал продюсер ретінде Marvel Studios басшысы Кевин Файги қызмет атқарады.
«Фантастикалық төрттік» фильмі 2025 жылдың 24 шілдесінде көрерменге жол тартады.