Алмас Кішкенбаев 15 тәулікке қамауға алынды

Жарияланды 5 Ақпан 2025 12:43

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Алмас Кішкенбаев 15 тәулікке қамауға алынды / фото: ашық дереккөз

Алматы соты әнші Алмас Кішкенбаевты кәмелетке толмаған жасөспірімге тиіскені үшін кінәлі деп танып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.

Оқиғаның мән-жайы

Әкімшілік соттың мәліметінше, Кішкенбаев мас күйінде 17 жастағы балаға «әдепсіз қылық» көрсеткен.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша, кінәлі тұлғаға 20 АЕК (78 мың теңге) көлемінде айыппұл немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамау қарастырылған.

Сот Кішкенбаевтың әрекетін жеңілдететін жағдайларды таппады, керісінше оның мас күйінде болғаны жауапкершілігін ауырлататын мән-жай ретінде бағаланды.

Соттың шешімі қандай?

Алматы соты:

«Кішкенбаев ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлімі бойынша кінәлі деп танылды. Оған 15 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды», – деп мәлімдеді.

Жәбірленушінің кәмелетке толмауына байланысты сот процесі жабық режимде өтті. Сот шешімі қазіргі уақытта заңды күшіне енген жоқ, яғни оған шағым түсіру мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ оқыңыз