Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 43,8 млрд долларға жетті

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Қазақстан мен Қытай сауда айналымы 43,8 млрд долларға жетті / Фото: shutterstock

2024 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты сауда көлемі 43,8 млрд АҚШ долларына жеткен. Қазақстанның Қытайға экспорты 15,8 миллиард АҚШ долларын құрап, бір жылда 9% өсті. Бұл туралы ҚХР Қазақстандағы төтенше және өкілетті Елшісі Хань Чуньлин мәлімдеді.

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қытайдың Қазақстандағы төтенше және өкілетті Елшісі і Хань Чуньлинмен кездесіп, тапатар сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселесін талқылаған.

«Қытайдың Бас кеден басқармасының мәліметтеріне сәйкес, 2024 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты сауда көлемі 43,8 миллиард АҚШ долларына жетті. Қазақстанның Қытайға экспорты 15,8 миллиард АҚШ долларын құрап, 9% өсті. Бұл тенденция бізді алдағы уақытта сауда айналымын екі есе арттыруға деген амбициялық мақсатымызды жүзеге асыруға бағытталған сенімді қадамымызды растайды», – деді дипломат.

Арман Шаққалиев Қазақстан экспортын әртараптандыру және жеткізілетін өнімдердің ассортиментін кеңейтуге ниетті екенін жеткізді. Ал елші энергетика, ауыл шаруашылығы, трансшекаралық сауда және қызмет көрсету салаларында ынтымақтастықты кеңейтуді ұсынған.

Сондай-ақ оқыңыз