Азиада-2025: Қазақстан қоржынына үшінші медаль түсті

Жарияланды 8 Ақпан 2025 15:26

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business News бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Константин Борцов
Шаңғышы Константин Борцов қола жүлдегер атанды / Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Азия ойынжарында Қазақстан қоржынынына үшінші медаль түсті. Қазақстандық шаңғышы Константин Борцов Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлайды.

Азия ойындары Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатыр.

«Спортшы ерлер арасында классикалық стильдегі спринттің финалында үшінші болып мәреге жетті», – делінген хабарламада.

Қытайлық Ван Сянь бірінші орын алса, екінші орынды жапон Харуки Ямашита иеленді.

Қазақстандық Олжас Климин жарысты бесінші орынмен аяқтаған.

 Бұған дейін шорт-трекшілер мен конькимен жүгіруші Евгений Кошкин күміт жүлдені қанжығаға байлаған.

Сондай-ақ оқыңыз