Әншілікті қойып кеткен Кәмшат Жолдыбаева ана атанды

Жарияланды 13 Ақпан 2025 11:49

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Кәмшат Жолдыбаева ана атанды / фото: instagram kamshat_zholdybayeva

Отандық шоу-бизнестің танымал жұлдызы, «КешYOU» тобының бұрынғы әншісі Кәмшат Жолдыбаева алғаш рет ана атанды. Бұл қуанышты жаңалықты белгілі тележүргізуші Анна Данченко өзінің Instagram парақшасындағы стористе хабарлады.

«Қуанышты жаңалық! Сүйікті әнші қыздарыңыз Кәмшат Жолдыбаева қызды болды! Бауы берік болсын! Денсаулығы мықты болып өссін!» – деп жазды тележүргізуші.

фото: instagram

Айта кетейік, 2023 жылдың наурыз айында әлеуметтік желілерде Кәмшат Жолдыбаеваның қыз ұзату рәсімінен видео тараған болатын. Өнер иесінің таңдауы актер Ғазрет Ержановқа түскен еді. Енді жұлдызды жұптың отбасында тұңғыш қызы өмірге келді.

Сондай-ақ оқыңыз