Илья Ильин қызының тұсау кесер тойын өткізді

Жарияланды 20 Ақпан 2025 17:56

(жаңартылды 21 Ақпан 2025 09:28)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Илья Ильин қызының тұсау кесер тойын өткізді / фото: prx600.appspot.com

Танымал қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин мен жұбайы Татьяна 20 ақпанда қыздары Аилидің бір жасқа толғанын атап өтті. Бұл туралы журналист Динара Сәтжан әлеуметтік желіде бөлісті.

Қазақ халқының ежелгі дәстүрінде баланың өмір жолының жарқын әрі ашық болуы үшін тұсауын елге үлгілі, абыройлы адам кеседі. Аилидің тұсауын белгілі журналист, кәсіпкер Динара Сәтжан кесті.

Тұсаукесер тойы – қазақ халқының дәстүрлі және маңызды отбасылық мерекелерінің бірі. Бұл – бала алғашқы қадамдарын басып, жүруге талпыныс жасаған кезде өткізілетін салттық рәсім.

Бұған дейін, тұсаукесер тойын жасау үшін қанша қаражат кететінін есептеп жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз