Михаил Шайдоров Төрт құрлық чемпионатында жеңімпаз атанды (видео)

Жарияланды 22 Ақпан 2025 12:49

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Михаил Шайдоров Төрт құрлық чемпионатында жеңімпаз атанды / фото: REUTERS/Tingshu Wang

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Төрт құрлық чемпионатында жеңімпаз атанды. Жарыс Сеул қаласында өтті.

Шайдаров еркін бағдарламасында ең күрделі 3A1Eu4S комбинациясын қатесіз орындады. Қазақстандық атлет қос бағдарлама нәтижесінде 285,10 ұпай жинады.

«Маған қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғысым шексіз. Осы каскадтың сәтті шыққанына қуаныштымыз. Айтуға сөз таппай отырмын», – деді жарыс аяғында көпшілік алдында сөйлеген Шайдоров.

21 жастағы спортшы үшін бұл халықаралық турнирлердегі ең ірі жеңісі. Шайдоров осыған дейін Төрт құрлық чемпионатында жүлдеге іліге алмай келген. Бұл жолы Михаил қысқа бағдарламада да, еркін бағдарламада да алдына жан салмады.

Әлемнің төрт бірдей құрлығынан атлеттер қатысатын дүбірлі турнирде биыл күміс жүлде Оңтүстік Корея атлеті Джунхван Чхаға, ал америкалық Джимми Маға қола бұйырды.

Тағы бір қазақстандық спортшы Диас Жиренбаев 19-орын алды.

Қазақстанның екі дүркін чемпионы Михаил Шайдоров енді наурыз айында өтетін әлем чемпионатына дайындалады.

Сондай-ақ оқыңыз