Mercedes, BMW, Lexus: қазақстандық миллионерлер қандай көлік маркаларын таңдайды?

Жарияланды 23 Ақпан 2025 14:57

(жаңартылды 24 Ақпан 2025 00:30)
Еңлік Нұрболат

Еңлік Нұрболат

автор
Қазақстандық миллионерлер қандай көліктерді жиі сатып алады/ Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Экономикалық ауытқулар мен жаһандық дағдарыстарға қарамастан, Қазақстанда премиум санатындағы көліктерге сұраныс артпаса, кеміген жоқ. Дәулетті қазақстандықтар люкс автокөліктерді тек қозғалыс құралы ғана емес, сонымен қатар мәртебе мен өмір салтының айқын көрсеткіші ретінде қарастырады.

Бүгінгі таңда елдің ауқатты азаматтары қандай маркаларды таңдайды және бұл автолар оларды несімен қызықтырады? Kursiv.Мedia тілшісі зерттеп көрді.

Премиум нарықтағы көшбасшылар

Сарапшылар мен автодилерлердің деректеріне сәйкес, қазақстандық миллионерлер арасында Mercedes-Benz, BMW, Lexus, Range Rover және Porsche брендтері ерекше танымал. Бұл маркалар сапасы жағынан, сәнді дизайны мен инновациялық технологияларымен ерекшеленеді.

Mercedes-Benz классикалық сән-салтанатты және жайлылықты бағалайтындар үшін үздік таңдау болып қала береді. Әсіресе, S-Class, GLE және GLS үлгілері қауіпсіздік, заманауи технологиялар және сәнді дизайнымен ерекшеленеді.

BMW спорттық стиль мен динамикалық жүргізуді ұнататындар баурап алады. Ең танымал модельдер қатарында X7, 7 Series және X5 бар. Бұл көліктер мықты қозғалтқыштары, заманауи цифрлық шешімдері және сәнді интерьерімен талғампаз жүргізушілерді өзіне тартады.

Lexus — сенімділік пен жайлылықтың символы. Дәулетті қазақстандықтар көбіне еліміздің жолдарына бейімделген LX 600 және RX жол талғамайтын көліктерін жиі таңдайды.

Range Rover — бедел мен қауіпсіздікті бағалайтындар үшін мінсіз таңдау. Сәнді дизайнымен ерекшеленетін Range Rover Vogue пен Range Rover Sport үлгілері кез келген жолда сенімді көлік.

Porsche — динамика мен жылдамдықты сүйетіндердің таңдауы. Негізінен Cayenne және Macan кроссоверлері жоғары басқарылу қабілетімен, қуатты қозғалтқыштарымен ерекшеленеді. Бұл ретте премиум көліктердің «атына заты сай», яғни бағасы да қымбат болатынын ұмытпау керек. Әлбетте қайталама нарықтан шыққан жылына қарай арзанын табуға болады. Ал диллердің өзінен сатып алғандағы бағасы бірнеше мың доллардан асып түседі. Қалталы қазақстандықтар үшін көңілдің қалауы бірінші орында тұратынын да айта кету керек.

Эксклюзивті суперкөліктер турасында

Қазақстанда суперкөліктер нарығы шағын болғанымен, бұл сегментке деген сұраныс тұрақты түрде артып келеді. Бұл сегменттегі ең танымал брендтердің қатарында Ferrari, Lamborghini, Bentley және Rolls-Royce бар.

Ferrari мен Lamborghini — адреналин мен эксклюзивтілікті іздейтіндер үшін мінсіз таңдау. Ferrari 488 GTB, Lamborghini Huracán және Aventador үлгілерін жиі танымал кәсіпкерлер мен шоу-бизнес жұлдыздарының гараждарынан көруге болады. Мысалы, танымал қазақстандық блогер Бейбіт Әлібеков нарықтық құны 170 млн теңге болатын Lamborghini-ді тізгіндеп жүр.

Bentley мен Rolls-Royce — классикалық сән-салтанат пен мәртебенің айқын көрінісі. Әсіресе, Bentley Bentayga мен Rolls-Royce Cullinan сәнді дизайны, жайлылығымен ерекшеленіп, сұранысқа ие.

Премиум көліктер несімен танымал?

Қазақстандықтар премиум көліктерді тек олардың сыртқы көрінісі мен жайлылығы үшін ғана емес, сонымен қатар қолданыстағы артықшылықтары үшін де таңдайды. Әсіресе, жол талғамайтын көліктер жергілікті жолдарға жақсы бейімделген. Сондай-ақ люкс автокөлік иесінің мәртебесін айқындап, оның жетістігін көрсетеді.

Премиум автокөліктердің тағы бір мән беретін артықшылығы — қауіпсіздік жағынан сенімді болып келеді. Бұған қоса өндіріс барысында озық технологиялар қолданылады. Көптеген үлгілер жүргізушіге көмек көрсету жүйелерімен, заманауи мультимедиялық кешендермен және интеллектуалды көмекшілермен жабдықталған. Бұл жүргізу процесін барынша ыңғайлы әрі қауіпсіз етеді.

Жоғары санаттағы электр көліктеріне қызығушылық артып келеді

Соңғы жылдары Қазақстанда премиум-кластағы электр көліктеріне қызығушылық артып келеді. Негізінен Tesla Model X пен Model S экологиялық тазалығы мен инновациялық шешімдері арқасында танымал бола бастады. Сондай-ақ Mercedes-Benz, BMW және Porsche сияқты брендтердің гибридті модельдері де кеңінен сұранысқа ие.

Қазақстандық миллионерлер қазіргі таңда автокөліктеріне есімдері мен тектерін жазып, жеке бренд қалыптастыруды да қолға ала бастаған. Дизайнында ерекше түстер, интерьерде дара стиль қолдануға тырысып, арнайы опциялар автомобильді қайталанбас етіп, иесін өзгелерден ерекшелей түседі.

Қазақстандағы люкс автокөліктер нарығы қарқынды дамып келеді. Жергілікті миллионерлер мәртебе, жайлылық және заманауи технологияларды үйлестіретін брендтерге сенім артады. Классикалық Mercedes-Benz седандарынан бастап спорттық Ferrari суперкарларына дейін — премиум автомобиль иесінің өмір салты мен табысының көрсеткіші. Ал нарықтың қазіргі үрдістері көрсеткендей, алдағы жылдары да люкс автокөліктерге деген сұраныс арта түседі. Өйткені бұл тек қозғалыс құралы ғана емес, сонымен қатар жетістік пен сенімділіктің символы, инвестиция құралы болып қала бермек.

Қазақстан автомобиль одағының (ҚАО) мәліметтері бойынша, 2023 жылы премиум сегментіндегі ресми автокөлік сату көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 44,4%-ға өсіп, 7551 бірлікті құрады. Ақшалай көрсеткіште өсім 50,3%-ға жетіп, жалпы сатылым көлемі 776 171 303 АҚШ долларын құрады.

Айрықша атап өтерлігі — Қазақстан Lexus LX, Cadillac Escalade және Toyota Land Cruiser 300 сынды премиум жол талғамайтын көліктердің сатылымы бойынша әлемдегі үздік 10 елдің қатарына енді. Сонымен қатар ел Hyundai Tucson кроссоверінің сатылымы бойынша әлемде 5-орынды иеленді.

Бұл деректер қазақстандық тұтынушылардың премиум класты автокөліктерге деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Мұндай үрдіс экономикалық жағдайдың жақсаруы, модельдік қатардың кеңеюі және люкс брендтерінің жергілікті нарықта қолжетімділігінің артуымен байланысты.

Еске сала кетсек, 2024 жылғы желтоқсанда ең үздік отбасылық кроссоверлер тізімі жарияланған еді. Сарапшылар ең мықты отбасылық көлік деп Kia Sportage-ді таныды. Екінші орынға Renault Scenic E-Tech көлігі жайғасты.

Сондай-ақ оқыңыз