Жаңа Xiaomi SU7 Ultra: 2 сағатта жылдық жоспардың 10 мың көлігі сатылды

Жарияланды 28 Ақпан 2025 19:55

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General News бөлімінің аға тілшісі a.serikkhan@kursiv.media
Камилла Азнабакиева

Камилла Азнабакиева

Business News бөлімінің тілшісі
SU7 Ultra – Xiaomi компаниясының ең қуатты электромобилі / Фото: mi.com

Xiaomi SU7 Ultra сатылым бойынша рекорд орнатты – алдын ала тапсырыстар басталғаннан кейін тек екі сағаттың ішінде компания 10 мың автокөлік сатқан. Осылайша  жылдық жоспарды толық орындалды. Жаңа электроседан бұрын жарияланған бағадан 35%-ға арзан болды. Алғашқы жеткізілімдер наурыз айында басталады, ал жаппай жеткізілімдер сәуір айына жоспарланған. Бұл жайында қытайлық CarNewsChina басылымы хабарлады.

SU7 Ultra үшін тапсырыстар 27 ақпан күні Пекин уақытымен сағат 22:00-де қабылдана бастады. 10 минут ішінде 6,9 мың көлік сатылған, ал екі сағаттан кейін бұл көрсеткіш 10 мыңға жетті. Тапсырыс берушілерге екі түрдегі депозит ұсынылады: қайтарылатын 20 мың юань (1,4 млн теңге) және қайтарылмайтын 40 мың юань (2,7 млн теңге), соңғысы басымдылықпен жеткізілім алуға мүмкіндік береді.

SU7 Ultra – Xiaomi компаниясының ең қуатты электромобилі

Xiaomi SU7 Ultra моделін «армандар көлігі» және дәстүрлі бензинді спорткарларға балама ретінде ұсынады. Төрт есікті седан үш электромотордан тұрады, олардың жалпы қуатына келер болсақ, 1526 аттың күші бар. Сондай-ақ, ол 100 км/сағ жылдамдыққа небәрі 1,98 секундта жетеді. Максималды жылдамдығы 359 км/сағ-қа дейін жетеді.

Qilin 2.0 NMC аккумуляторының қуаты 93,7 кВт/сағ, бұл көліктің 620 км жүріс қашықтығын қамтамасыз етеді (CLTC стандарттары бойынша). Жылдам зарядтау жүйесі көліктің қуатын 10%-дан 80%-ға дейін бар болғаны 11 минутта толтырады.

Агрессивті баға саясаты

 2024 жылдың қазан айында SU7 Ultra алдын ала сатылымға шыққан кезде оның бағасы 814,9 мың юань (55,7 млн теңге) болған. Алайда, соңғы бағасы 285 мың юаньға (19,5 млн теңге) төмендетіліп, 529,9 мың юаньды (36,2 млн теңге) құрады. Мұндай баға саясаты қытай өндірушілеріне тән, алайда Xiaomi бұл үлкен жеңілдікті ұсынған алғашқы компания болып отыр.

Халықаралық нарыққа қашан шығады?

Xiaomi ресми түрде SU7 Ultra моделін 2025 жылдың 3 наурызында Барселонадағы Mobile World Congress көрмесінде таныстыратынын жариялады. Бұл брендтің Еуропа нарығына ену жоспарларын растайды. Ақпарат көздерінің айтуынша, Xiaomi шетелде сатылымды шектеулі партиялармен бастайды, бұл сұранысты тестілеу мақсатында жасалады.

Xiaomi жоспарлары

2024 жылы Xiaomi 139,8 мың SU7 автокөлігін сатты. 2025 жылы компания 300 мың көлік сатуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, шілде айында үшінші модельдің – Xiaomi YU7 кроссоверінің тұсаукесері күтілуде.

Сондай-ақ оқыңыз