
Лос-Анджелесте өткен 97-ші «Оскар» марапаттау рәсімі өтті. «Анора» фильмі бес марапатқа ие болып, кештің басты жеңімпазы атанды. Фильм «Үздік фильм» және «Үздік режиссер» номинацияларында жеңіске жетті.
Негізгі номинациялар бойынша жеңімпаздар тізімі:
Үздік фильм: «Анора»
Үздік режиссер: Шон Бейкер («Анора»)
Үздік актер: Эдриен Броуди («Бруталист» фильміндегі рөлі үшін)
Үздік актриса: Майки Мэдисон («Анора» фильміндегі рөлі үшін)
Екінші пландағы үздік әйел рөлі: Зои Салданья («Эмилия Перес»)
Екінші пландағы үздік ер адам рөлі: Киран Калкин («Шынайы азап»)
Үздік түпнұсқа сценарий: «Анора»
Үздік монтаж: «Анора»
Үздік көркемдік қоюшы жұмысы: «Зұлым: Батыс сиқыршысының ертегісі»
Үздік бейімделген сценарий: «Конклав»
Үздік операторлық жұмыс: «Бруталист»
Үздік саундтрек: «Бруталист»
Үздік дыбыс: «Дюна: Екінші бөлім»
Үздік визуалды эффектілер: «Дюна: Екінші бөлім»
Үздік грим және шаш үлгісі: «Субстанция»
Үздік костюм дизайны: «Зұлым: Батыс сиқыршысының ертегісі»
Үздік ән: El Mal («Эмилия Перес»)
Үздік анимациялық фильм: «Ағын» (Латвия)
Үздік шетелдік фильм: «Мен әлі осындамын» (Бразилия)
Үздік деректі фильм: «Басқа жер жоқ»
Үздік көркем қысқаметражды фильм: «Мен робот емеспін»
Үздік қысқаметражды анимациялық фильм: «Кипарис көлеңкесінде»
Үздік қысқаметражды деректі фильм: «Оркестрдегі жалғыз қыз»
Майки Мэдисонның «Анора» фильміндегі рөлі үшін «Үздік әйел рөлі» номинациясында жеңіске жетуі ең күтпеген сәттердің бірі болды. Бұл номинацияның басты фавориті «Субстанция» фильміндегі рөлі үшін Деми Мур саналған еді.
Сонымен қатар Пол Тазуэлл «Wicked» фильмі үшін «Үздік костюм дизайны» номинациясында жеңіске жетіп, осы санатта марапатталған алғашқы қара нәсілді ер адам атанды.
Айта кетейік, Қазақстан атынан «Оскар» жүлдесіне Асхат Кучинчирековтің «Бауырына салу» атты дебюттік фильмі ұсынылған болатын. Алайда бұл туынды сыйлықтың шорт-листі тізіміне енбей қалды.