FlyArystan халықаралық бағыттарға 25 мың теңгеден билет сатып жатыр

Жарияланды 3 Наурыз 2025 15:40

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General News бөлімінің аға тілшісі a.serikkhan@kursiv.media
Науқан билеттерін 5 наурыз сағат 23:59-ға дейін сатып алуға болады / Фото: kursiv.media  архиві

 FlyArystan халықаралық бағыттарға үш күндік әуе билеттерінің жаппай сатылым науқанын жариялады. Небәрі 25 мыңнан басталатын әуебилеттерді 5 наурыз сағат 23:59-ға дейін сатып алуға болады.

Қазақстандық лоукостердің мәліметінше, жеңілдік науқанындағы билеттер Қазақстаннан Түркия, Грузия, Қытай, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдеріне және кері бағыттағы рейстерін қамтиды. Әуебилеттерді www.flyarystan.com ресми сайтынан, FlyArystan мобильді қосымшасынан және басқа сату арналарынан сатып алуға болады.

Жеңілдікпен билеттер келесі халықаралық бағыттарға жарамды:

2025 жылғы 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында:

• Кутаисиден Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларына және кері бағытта;
• Ташкенттен Астанаға және кері бағытта;
• Бакудан Ақтауға және кері бағытта;
• Ыстанбұлдан Ақтауға және кері бағытта;
• Үрімшіден Астанаға және кері бағытта.

2025 жылғы 1 маусым мен 31 тамыз аралығында:

• Ыстанбұлдан Қарағандыға және кері бағытта;
• Бакудан Астанаға және кері бағытта;
• Бішкектен Астанаға және кері бағытта.

Компания билет бағасына тек бір қол жүгі кіретінін ескертті. Багаж және орынды таңдау сияқты қосымша қызметтер бөлек төлеуге тура келеді.

Сондай-ақ оқыңыз