
Ең арзан Toyota қанша тұрады? / Фото: ашық дереккөз
2025 жылдың наурыз айының басында Toyota компаниясы Қытай нарығына ең қолжетімді электромобилін – bZ3X кроссоверін ұсынды. Модельдің базалық әрі бастапқы нұсқасы 109 800 юань (ұлттық валютаға шаққанда 7 млн 300 мың теңге) тұрады. Бұл Toyota модельдік қатарының ішіндегі ең арзан автолардың бірі саналады.
Темір тұлпар туралы
bZ3X электромобилін Toyota мен оның қытайлық серіктесі Guangzhou Automobile Group (GAC) бірлесіп жасаған. Көліктің өлшемдері: ұзындығы 4600 мм, ені 1875 мм, биіктігі 1645 мм, ал дөңгелек базасы 2765 мм. Бұл өлшемдер оны RAV4 моделіне ұқсас етеді. Алайда аталған модель RAV4-тен кішілеу.
Техникалық сипаттамалары қандай?
Модель бірнеше нұсқада ұсынылады. Біріншісі, «430 Air» базалық нұсқасы:
- 204 а.к. электрқозғалтқыш
- 50,03 кВт/сағ аккумулятор
- жүріс қоры 430 шақырым
Екіншісі, ортаңғы нұсқа:
- 204 а.к. электрқозғалтқыш
- 58,37 кВт/сағ аккумулятор
- Жүріс қоры 520 шақырым
Үшіншісі, «610 Max» топ нұсқасы:
- 224 а.к. электрқозғалтқыш
- 67,92 кВт/сағ аккумулятор
- Жүріс қоры 610 шақырым
Технологиялар мен жабдықталуы
Автокөлік сaлoны жайлылығымен және функционалдығымен ерекшеленеді. Базалық жиынтықта Snapdragon 8155 чипі негізінде жасалған мультимедиалық жүйе, 8,8 және 14,6 дюймдік екі дисплей, 11 динамик бар.
Қымбатырақ нұсқаларында Momenta стартапымен бірге әзірленген 2++ деңгейлі автономды жүргізуші көмекшілері орнатылған. Бұл жүйе лидар, 11 камера, 12 радар қамтиды, ал деректерді өңдеу Nvidia Orin X чипі арқылы жүзеге асады, оның есептеу қуаты 254 TOPS.
Сатылым және сұраныс турасында
Жаңа кроссовер сатылымының басталуы үлкен қызығушылық тудырды: алғашқы 1 сағат ішінде диллер 10 000-нан астам тапсырыс қабылданып, GAC-Toyota серверлері жүктемеге төтеп бере алмады.
bZ3X моделінің нарыққа шығуы Toyota стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Бренд әлемдегі ең үлкен автонарықта өз орнын нығайтуға және электромобиль өндірушілер арасындағы өсіп келе жатқан бәсекеге төтеп беруге ұмтылады. bZ3X тиімді баға мен заманауи технологияларды біріктіре отырып, Қытайдағы көптеген тұтынушылар үшін тартымды ұсынысқа айналды.
Еске сала кетсек. Былтыр қарашада жапондық Toyota мен қытайлық GAC компаниялары бірлесіп 2025 жылы электромобиль шығаратынын хабарлаған еді. Сол жоспарды қос автоконцерн көп ұзамай іске асырып отыр.