Бокстан әйелдер арасында әлем чемпионатының финалын қайдан көруге болады

Жарияланды 16 Наурыз 2025 19:06

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Назым Қызайбай жекпе-жегін қайдан көруге болады / фото: olympick.kz

16 наурыз, жексенбі күні Сербияның Ниш қаласында әйелдер арасында өткен бокстан әлем чемпионаты-2025 турнирінің финалдық жекпе-жектері өтеді.

Қазақстандық бокс жанкүйерлері үшін бұл күн ерекше маңызды, өйткені ұлттық құраманың бес қызы алтын жүлде үшін таласады. Финалға жолдама алған боксшыларымыз:

  • Назым Қызайбай (48 кг) – Ресейлік Юлия Чумгалаковамен жұдырықтасады.
  • Алуа Балкибекова (50 кг) – Қытайлық Ху Мэйимен күш сынасады.
  • Виктория Графеева (60 кг) – Ресейлік Нуне Асатрянға қарсы шығады.
  • Аида Абикеева (63 кг) – Тайланд өкілі Тананья Сомнуекпен кездеседі.
  • Елдана Тәліпова (81+ кг) – Қытайлық Илян Чжанмен алтын үшін таласады.

Финалдық кездесулер қазақстандық уақыт бойынша 21:00-де басталады. Бокс сүйер қауым бұл маңызды жекпе-жектерді YouTube-тағы ресми IBA Boxing арнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Сондай-ақ оқыңыз