NVIDIA туралы кейс-стади: жасанды интеллект қалайша рекордтық табыс әкелді әрі бұл жетістікті кім қайталауы мүмкін?

«Фридом Финанс» ИК сарапшысы

Freedom Finance Global компаниясының талдаушылары табысты да, болашағы зор компаниялардың қызықты жағдайларына талдау жасап, сондай-ақ индустрияға жаңадан келуші қандай компаниялардың осындай мүмкіндігі бар екенін одан әрі болжауда. Мұндай аналитикалық шолу NVIDIA компаниясының трансформациясына, оның стратегиялық шешімдеріне және нарыққа ықпалына, сондай-ақ компанияның және онымен байланысты жоғары технологиялық салалардың өсу перспективаларына арналған.

1993 жылы құрылған NVIDIA компаниясы 1999 жылы әлемдегі алғашқы GPU-GeForce 256 процессорын енгізді. Компания графикалық процессорлардың мүмкіндіктерін қайта қарастыра отырып, олардың жасанды интеллект пен машиналық оқыту әлеуетін ашты, бұл жағдай оның технологиялық көшбасшылығына негізгі қадамы болды.

 Негізгі шешімдер:

  • Жасанды интеллектке және терең оқытуға ауысу. 2012 жылы NVIDIA компаниясы есептеулерді жеделдету үшін GPU процессорын пайдалануға мүмкіндік беретін CUDA платформасын іске қосты. Бұл жасанды интеллект технологиясының дамуына негіз болды.
  • Арнайы чиптер әзірлеу. 2016 жылы компания жасанды интеллект тапсырмалары үшін оңтайландырылған Tesla P100 – алғашқы GPU процессорын ұсынды, бұл жағдай ірі технологиялық ойыншылардың назарын аудартты.
  • Стратегиялық серіктестіктер. Google, Amazon және Microsoft сияқты алпауыт компаниялармен ынтымақтастық NVIDIA компаниясының GPU процессорын бұлтты платформалар мен технологиялық стектерге біріктіруді қамтамасыз етті.

2021-2025 жылдар аралығында NVIDIA компаниясының түсімі жасанды интеллекттің дамуы есебінен 16,7 млрд АҚШ долларынан 130,5 млрд АҚШ долларына дейін өсті. Графиканың үлесі 59%-дан (9,8 млрд) 11%-ға (14,3 млрд) дейін азайды, ал есептеулер мен желілер 41%-дан (6,8 млрд) 89%-ға (116,2 млрд) дейін өсті. Жалпы маржа 62,3%-дан 75,0%-ға дейін, операциялық маржа 27,2%-дан 62,4%-ға дейін және таза пайда 4,3 млрд-тан 72,9 млрд-қа дейін өсті. Бұл өзгерістер NVIDIA компаниясының жасанды интеллект чиптеріне стратегиялық назарын, табыстылықтың өсуін және масштабтауды растап отыр.

2025 қаржы жылындағы түсімнің құрылымы.
2021 қаржы жылындағы түсімнің құрылымы

Нарыққа ықпалы

NVIDIA компаниясы графикалық технологияны жетілдіріп қана қоймай, сондай-ақ жалпы есептеу тәсілін өзгертті. Оның GPU процессорлары нейрондық желілерді оқытудың негізі болды, бұл жағдай жасанды интеллекттің және онымен байланысты салалардың дамуында серпіліс тудырды.

Негізгі жетістіктері:

  • Жасанды интеллекттегі көшбасшылығы: IDC компаниясының деректері бойынша, NVIDIA компаниясы жасанды интеллект тапсырмалары үшін GPU нарығының 80%-дан астамын бақылайды.
  • Дата орталықтары үшін чиптерге деген сұраныстың өсуі: 2023 жылы дата орталықтары үшін GPU деген сұраныс 154%-ға өсті, бұл жағдай жасанды интеллект үшін есептеу қуатының қажеттілігін көрсетеді.
  • Автономды жүргізудегі инновация: NVIDIA DRIVE платформасы Tesla, MercedesBenz және басқа көліктерде қолданылады, бұл компанияның автомобиль индустриясындағы рөлін нығайтады.

Қаржы нәтижелері

NVIDIA компаниясы жасанды интеллект индустриясында үстемдік етіп, үлкен көрсеткішпен өсуде: 2023 жылғы екінші тоқсанда түсім екі есеге өсіп, 13,51 млрд АҚШ долларына жетті, ал ChatGPT іске қосылғаннан кейін GPU процессорына деген сұраныстың арқасында акцияға шаққандағы пайда 854%-ға өсті. Үшінші тоқсанда түсім 18,12 млрд АҚШ долларына жетті (жылына +206%), акцияға шаққандағы пайда 12 есеге өсті, ал акциялар 2023 жылы 19-20 АҚШ долларынан 2025 жылы 146 АҚШ долларына дейін өсіп, капиталдандыруды 3 трлн АҚШ долларына дейін көтерді.

Бәсең өсуіне қарамастан (2025 жылғы төртінші тоқсанда +78%), NVIDIA компаниясының GPU және дата орталықтарына деген сұраныстың арқасында мықтылығын сақтайды: сегменттің түсімі 115,2 млрд АҚШ долларына жетті (жылына +142%). Blackwell архитектурасының іске қосылуы миллиардтаған долларлық сатылымды қамтамасыз етті, ал Дженсен Хуангтың айтуынша, сұраныс «тым жоғары» болып қала береді.

AWS, Google Cloud және Microsoft Azure сервистерімен серіктестік тұрақты тапсырыс ағынын қамтамасыз етеді, ал Spectrum-X платформасын Cisco және Verizon компаниясымен интеграциялау NVIDIA-ның корпоративтік сегменттегі орнын нығайтады. Сонымен қатар, компания жасанды интеллект нарығында өсу мүмкіндіктерін кеңейте отырып, GeForce RTX 50 процессорымен тұтынушылық бағытты дамытады.

Келесі тоқсанға болжам

2026 қаржы жылының бірінші тоқсанында NVIDIA орташа болжамнан (42,3 млрд АҚШ доллары) асатын, бірақ оптимистік бағалаудан (48 млрд АҚШ доллары) төмен болатын 43 млрд АҚШ долларын құрайтын (±2%) кірісті болжайды. Өсім орнықты болып қалады, дегенмен жалпы маржа өндіріс пен ҒЗТКЖ-ға құйылатын инвестицияларға байланысты төмендеуі мүмкін.

  • Дата орталықтары өсудің негізгі драйвері болып табылады. Күтілетін кіріс Blackwell-ге деген сұраныс пен бұлтты провайдерлермен серіктестіктің кеңеюіне байланысты 38-40 млрд АҚШ долларын құрайды.
  • Blackwell – бұл желінің сәтті басталуы. Егер өндіріс қарқыны сақталса, сатылым 15-20 млрд АҚШ долларына жетуі мүмкін.
  • Ойын сегменті – болжам орташа, 2,7-3 млрд АҚШ доллары. RTX 50 Series процессорының іске қосылуы сұранысты қолдай алады, бірақ бәсекелестік пен бар назардың жасанды интеллектке ауысуы мүмкіндікті шектейді.

NVIDIA 2026 жылғы бірінші тоқсанға арналған нақты болжамды көрсете отырып, жасанды интеллект дәуірінде өз орнын сенімді түрде нығайтуда. Алайда, инвесторлар әртараптандыру мен орнықты өсуге сүйене отырып, компания үлкен үмітті ақтай алатынын бақылауы керек.

Жасанды интеллекттің және чиптердің стратегиялық мәні

NVIDIA компаниясының жасанды интеллект чиптеріне құйған инвестициясы оның бәсекелестік артықшылықтарын арттырады: Hopper платформасы мен Blackwell чипі (2024) алдыңғы буындармен салыстырғанда өнімділікті 4 есеге арттырды.

 Негізгі жетістіктері:

  • Жасанды интеллект чиптерінен түсетін түсімнің өсуі: жасанды интеллект чиптерінен түсетін кірістер 20 млрд АҚШ долларына жетті, бір жыл ішінде 200%-ға өсті.
  • OpenAI-мен серіктестік: GPU процессорын ChatGPT платформасына интергациялау NVIDIA компаниясының есептеу қуаттылығына деген сұранысты едәуір арттырды.
  • Суперкомпьютерлердегі көшбасшылық: әлемдегі ең қуатты 500 суперкомпьютердің 70%-ы NVIDIA компаниясының GPU процессорын пайдаланады.

Компанияның серпініне әсер ететін негізгі сын-қатерлер:

  • AMD және Intel процессорларының бәсекелестігі: екі бәсекелес процессор да жасанды интеллект үшін белсенді түрде өз GPU процессорларын дамытуда, бұл жағдай NVIDIA-ның нарықтағы үлесіне қауіп төндіруі мүмкін.
  • Жеткізілімге тәуелділік: жартылай өткізгіш тапшылығы және логистикаға қатысты туындайтын қиындықтар компанияның өндірісі мен өсуін баяулатуы мүмкін.
  • Реттеуші тәуекелдер: АҚШ пен ЕО-дағы монополияға қарсы тергеп-тексерулер NVIDIA компаниясының стратегиясына және оның серіктестігіне әсер етуі мүмкін.
  • Жасанды интеллект үшін арзандау шешімдер ұсынатын DeepSeek сияқты қытайлық стартаптардың бәсекелестігі NVIDIA компаниясының қымбат чиптеріне деген ұзақ мерзімді сұранысты бұзуы мүмкін.
  • Жеткізу тізбегіндегі ықтимал үзілістер немесе Blackwell өндіріс шығындарының өсуі.
  • Дата орталықтары нарығында сұраныс көлемі үлкен болған жағдайда бағаларға жасалатын қысымға байланысты маржаның төмендеуі.

NVIDIA компаниясы осы сын-қатерлерге қарамастан, инновациялық тәсіл мен күшті серіктестіктердің арқасында бәсекелестік артықшылығын сақтап келеді.

Компания кванттық есептеулерді, метағаламды және жасанды интеллектті дамыту арқылы мүмкіншілікті кеңейтуде, бұл жағдай өсудің жаңа мүмкіндіктерін ашады. NVIDIA компаниясы негізгі бағыттарды дамыта отырып, технологиялық эволюцияның келесі кезеңіне негіз болып, оның ұзақ мерзімді перспективаларын ерекше тартымды етеді.

Негізгі катализаторлар:

  1. Денсаулық сақтаудағы жасанды интеллект – Clara платформасы диагностика мен дәрі-дәрмектің дамуын жеделдетеді. 2030 жылға қарай медицинадағы жасанды интеллект нарығы 100 млрд АҚШ долларынан асуы мүмкін және NVIDIA есептеу қуатының арқасында айтарлықтай үлесті көздейді.
  2. Автономды көлік – DRIVE Hyperion платформасын қазірдің өзінде Tesla, Mercedes-Benz және BYD көліктері пайдаланады. Сегмент озық қалалармен интеграциялау арқылы 2027 жылға қарай 10 млрд АҚШ долларына дейін өседі деп күтілуде.
  3. Метағалам – BMW-ны және Adobe-ты пайдаланатын Omniverse генеративті жасанды интеллект арқылы кеңейеді. NVIDIA метғалам нарығының негізгі инфрақұрылымдық ойыншысы ретінде бекітіліп, 2030 жылға қарай 1 трлн АҚШ долларына жетуі мүмкін.
  4. Кванттық есептеу – 2024 жылы Quantum-2 іске қосылуы және IBM және Google-мен серіктестік 2035 жылға қарай нарық 50 млрд АҚШ долларына ашуы мүмкін. NVIDIA қазірдің өзінде кванттық R&D-ге 500 млн АҚШ долларын инвестициялады.
  5. Энергия тиімділігі – Blackwell чипі (2024) қуат тұтынуды 40%-ға азайтып, бұл NVIDIA-ның экологиялық талаптарға қарсы позициясын нығайтады. 2026 жылға қарай өндірістің 50%-ы ЖЭК-ке көшеді.
  6. Жаһандық экспансия – санкцияларға қарамастан, NVIDIA өнімдерді Қытайға бейімдейді (түсім 2025 жылы 4 млрд АҚШ доллары) және Үндістан нарығын белсенді түрде дамытады (2030 жылға қарай 5 млрд АҚШ доллары).

Түсім өсуінің бәсеңдеуіне қарамастан (2025 жылғы бірінші тоқсандағы +262%-дан төртінші тоқсанда +78%-ға дейін), NVIDIA бизнесті әртараптандыру және инновацияларға инвестициялау арқылы орнықты болып қалады – 2024 жылы R&D-де 8,7 млрд АҚШ долларын құрады (жылдан жылға +18%). 2027 жылға қарай түсім бастамаларды сәтті жүзеге асырған кезде 150 млрд АҚШ долларына жетеді деп күтілуде.

NVIDIA тек жасанды интеллект пен чиптердегі жетістіктерімен шектелмейді, бірақ медицинадан виртуалды шындыққа дейінгі болашақ экожүйесін қалыптастырады. Оның трендтерді болжау және шешімдерді масштабтау қабілеті компанияны технологиялық сектордағы болашағы зор компаниялардың біріне айналдырады.

Қаржылық орнықтылық

NVIDIA компаниясы сенімді технологиялық компаниялардың бірі болып, жоғары қаржылық орнықтылықты көрсетеді. 2024 қаржы жылында еркін ақша ағыны 27 млрд АҚШ долларына дейін 413%-ға өсті, ал 2025 жылғы алғашқы үш тоқсанда 30,1 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл жағдай компанияға ұзақ мерзімді инвесторлар үшін тартымдылығын қамтамасыз ете отырып, әзірлемелерге белсенді инвестициялауға және капиталды акционерлерге қайтаруға мүмкіндік береді.

NVIDIA компаниясының табысын қайталау мүмкіндігі бар компаниялар

Жаңа мүмкіндіктер іздейтін инвесторлар өсу әлеуеті жоғары салаларда жұмыс істейтін компанияларға назар аудара алады. Олардың ішінде AMD және TSMC компаниялары ерекше көзге түседі.

Advanced Micro Devices, Inc. (AMD)

  • Жасанды интеллектке инвестициялар: AMD жасанды интеллект үшін GPU процессорын белсенді түрде дамытады, бұл жағдай оның нарықтағы үлесін арттыруы мүмкін.
  • Түсімнің өсуі: жаңа өнімдердің арқасында түсімнің күтілетін өсуі жылына 20%-ды құрайды.
  • Акциялардың өсу әлеуеті: талдаушылардың орташа нысаналы бағасы 149.2 АҚШ долларын құрайды, бұл жағдай ағымдағы деңгейлердің 50%-ға өсуін болжайды.

Taiwan Semiconductor Manufacturing Company Limited (TSM)

  • Чип өндірісіндегі көшбасшылық: TSMC – NVIDIA, Apple және басқа да технологиялық алпауыттар үшіннегізгі өнім беруші.
  • Жаңа технологияларға инвестициялар: АҚШ пен Жапонияда зауыттар салу компанияның орныннығайтады.
  • Акциялардың өсу әлеуеті: орташа нысаналы бағасы 249 АҚШ долларын құрайды, бұл жағдай 37%-ға өсудіболжайды.

Broadcom Inc. (AVGO)

  • Желілердегі және жасанды интеллектегі күш: дата орталықтары мен желілік жабдықтар үшін чип беруші, жасанды интеллект шешімдерінен түскен түсім 2024 жылы 10 млрд АҚШ долларына дейін 150%-ға өсті.
  • Стратегиялық сатып алу: 2023 жылы VMware-ді 69 млрд АҚШ долларына сатып алу корпоративті бағдарламалық жасақтамадағы орнын күшейтті.
  • Акциялардың өсу әлеуеті: орташа нысаналы бағасы 252 АҚШ долларын құрайды, ағымдағы деңгейлердің 28%-ға өсуі.

Qualcomm Incorporated (QCOM)

  • Мобильді құрылғылардағы жасанды интеллект: Жасанды интеллектке бар назар аударылған жетекші Snapdragon мобилді чип әзірлеуші (мысалы, дербес компьютерге арналған Snapdragon x Elite). 2024 жылғы төртінші тоқсандағы түсім 10,9 млрд АҚШ долларын құрады (+18%).
  • Автокөлік сегменті: 2024 жылы автомобилдерге чиптерді жеткізудің 2 млрд АҚШ долларына дейін 35%-ға өсуі.
  • Акциялардың өсу әлеуеті: орташа нысаналы бағасы 199 АҚШ долларын құрайды, ағымдағы деңгейлердің 28%-ға өсуі.

ASML Holding N.V. (ASML)

  • Жартылай өткізгіштердегі шешуші рөл: озық чиптерді (2 нм және одан төмен) өндіруге арналған EUV фотолитографиялық машиналарын әлемдік жалғыз жеткізуші.
  • Сұраныстың өсуі: Жасанды интеллект пен 5G арқасында 2024 жылы 40 млрд АҚШ долларын құрайтынтапсырыс (жылына +30%).
  • Акциялардың өсу әлеуеті: орташа нысаналы бағасы 912 АҚШ долларын құрайды, ағымдағы деңгейлердің31%-ға өсуі.

NVIDIA – бұл жай ғана жасанды интеллект пен чиптер флагманы емес, бұл – технологиялық болашақтың архитектурасы. Оның графикалық процессорлардан дата орталықтарын, автомобилдерді және метағаламды қамтитын жаһандық экожүйеге дейінгі эволюциясы үлкен әсер қалдырады және акциялардың болжамды 45%-дан 175 АҚШ долларына дейін өсуі (Уолл-Стриттің орташа нысаналы бағалары негізінде) компанияның мықтылығын растайды. Өсу қарқынының бәсеңдеуіне қарамастан, NVIDIA компаниясы инновациялар мен қаржылық орнықтылықтың арқасында бірегей позицияларды сақтайды. Бұл – инвестиция емес, бұл – бар назарды болашаққа аудару.