Ұлттық банк Қазақстан аумағында 4 төлем жүйесінің жұмысын тоқтатты

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Ұлттық банк төлем жүйелерінің тізімін жаңартты / Фото: коллаж Kursiv Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Ұлттық банк төлем жүйелерінің тізімін жаңартты. CONTACT, FASTER, ЮНИСТРИМ және Ria Money Transfer атты төрт төлем жүйесі ол реестрден алынып тасталды. Олар 2024 жылы жұмысын тоқтатқан еді.

Банкаралық ақша аударымдары жүйесі – жүйелік маңызы бар төлем жүйесі. Ол арқылы бағалы қағаздар мен валюта нарығындағы ақшалай міндеттемелер бойынша төлемдер, ақша аударымдары, сондай-ақ мемлекеттік ақша-кредит саясатын жүргізу мақсатындағы төлемдер мен ақша аударымдары жүргізіледі.

2024 жылы елімізде бірнеше төлем жүйесі жұмыс істеді. Олар – банкаралық клиринг жүйесі, VISA карталық төлем жүйесі және шетелге ақша аударымдарын жүргізетін «Золотая корона» ақша аударымдар жүйесі. Жалпы елімізде 15 төлем жүйесі жұмыс істейді.

Сондай-ақ 2024 жылдың қорытындысына сай жасалған талдауға сәйкес, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Kaspi Bank» АҚ және «Ситибанк Қазақстан» АҚ төлем қызметтерін маңызды беруші мәртебесін сақтап қалды.

Былтыр күзде Ұлттық банк пилоттық жобада банкаралық QR төлемдер жүйесін қосқан еді. Ол арқылы кез келген банктің терминалы арқылы QR-кодпен төлем жасауға болады

Сондай-ақ оқыңыз