Тағы бір микроқаржы ұйымы лицензиядан айрылды

Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің хабарлауынша, Қонаев қаласында «ProfitЦентр» микроқаржы ұйым лицензиядан айрылды.
Мұндай шешім қабылдауға уәкілетті органның, Ұлттық банктің нормативтік құқықтық актілерін үнемі бұзуы себеп болды.
Енді қаржы мекемесі 30 күн ішінде өз атауынан «микроқаржы ұйымы» деген сөздерді, несие беруді білдіретін сөздерді алып тастау арқылы қайта ұйымдасуға немесе тарату туралы шешім қабылдаға міндетті.
Естеріңізге сала кетейік, биыл ақпанда агенттік «Ломбард СФП» мекемесін шағын несие қызметін жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылған.
Ал 2024 жылғы желтоқсанда «Абай несие» мекемесінің, ал 2024 жылы жазда шағын несие берумен шұғылданған төрт бірдей қаржы мекемесі «Ұлдан-ломбарды», TIYN-S, «Ломбард «Аль-Фараби» және «Бренд Ломбард» лицензияларын үш айға тоқтатқан.
Ұйым жабылса, қарызды төлемесе бола ма?
Микроқаржы ұйымы жабылса, қарыз автоматты түрде жойылады деген пікір бар. Бірақ бұл қате түсінік. Азаматтық кодекске сәйкес, қарыз алушы алған ақшаны толық қайтаруға міндетті.
Қазақстанда жалып 900-ден аса микро қарыз беретін ұйым тіркелген. Олардың ішінде ломбард, несие серіктестіктері мен микроқаржы ұйымдары бар.